Шаруашылық • 04 Қараша, 2025

Атырауда бруцеллез анықталған 518 малдың иелеріне 15 млн теңге өтемақы беріледі

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 1 млн 56 мың 793 төрт түліктен қан сынамасын алу жоспарланып отыр. Осы кезге дейін 935 мың 63 мал тексерілген, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда бруцеллез анықталған 518 малдың иелеріне 15 млн теңге өтемақы беріледі

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Мөлдір Ирбатырованың дерегіне қарағанда, қан сынамасын зерттеу қорытыдысымен 518 малдан бруцеллез ауруы анықталып отыр.

«Оның ішінде 240 ірі қара, 275 ұсақ мал, 3 түйе бар. Бірақ төрт түліктің бруцеллезге шалдығу дерегі былтырғы көрсеткіштен азайды. Ауру мал заң талаптарына сәйкес қайта өңдеуге өткізілді. Бұл жұмыстың нәтижесінде мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен 15 млн теңге көлемінде өтемақы төленеді. Қолданыстағы ережеге сәйкес өңдеуге өткізілген ет өнімдері құнының 30 пайызы жергілікті бюджеттен, ал 70 пайызы қайта өңдеу кәсіпорындарының қаржысы есебінен төленеді», - дейді Мөлдір Ирбатырова.

Оның айтуынша, тұрғындар иелігіндегі малды дер кезінде ветеринариялық тексеруден өткізуі қажет. Бұл төрт түліктің инфекциялық ауруларға шалдығуының алдын алуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50