ат
Президент • 03 Наурыз, 2024
Президент Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 03 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Наурыз, 2024
UFC-дегі дебют. Бекзат Алмахан - Умар Нурмагомедов жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бүгін түнде отандасымыз Бекзат Алмахан UFC аясында алғашқы жекпе-жегін UFC Vegas 87 турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 02 Наурыз, 2024
Талдау мектебінің үшінші кезеңі аяқталды
Талдау мектебінің үшінші кезеңі аяқталды. Осыған байланысты қатысушылар жұмыстарын қорытындылап, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге арналған 13 баяндаманы көпшілікке таныстырды, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2024
Қалқанша безін емдеудің инновациялық әдісі жүзеге асты
Медицинадағы заманауи жетістіктер аса күрделі оталардың өзін пышақсыз жасауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің озық елдерінде кеңінен пайдаланылатын тың әдістер соңғы жылдары елімізде де қолданыла бастады. Күні кеше Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтында уытты емес бір түйінді зоб анықталған екі бірдей науқасқа аз инвазивті операция жасалды.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Біз үшін уақыт талабына сай құжат әзірлеу маңызды – Олжас Төлеуов
Реформалар агенттігінде «Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» Президент Жарлығының жобасын талқылау бойынша стратегиялық сессия өтті. Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов атап өткендей, Реформалар агенттігі әрқашан интерактивті өзара іс-қимыл жасауға және түрлі көзқарастарды талқылауға дайын.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары отандық ғылымды дамыту мәселелерін Astana IT University басшылығымен бірге талқылады. Сондай-ақ сенаторлар аталған ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, ғылыми-техникалық жетістіктерімен танысты және заманауи ғылыми зертханаларда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты: Ұлттық құрама жасақталды
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгірудің спринт және көпсайыс түрлері бойынша наурыздың 7-10 күндері аралығында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
Азия чемпионаты: Диана Жұмағұлова 4 жүлде жеңіп алды
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Диана Жұмағұлова суға секіруден 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Наурыз, 2024
Алматыда жүкті әйел көп қабатты үйден құлап кетті
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өлім фактісін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 01 Наурыз, 2024
Қиын-қыстау кезеңде халқымыз қамқорлықтың озық үлгісін көрсете білді - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоғын қойды. Палата Спикері Қазақстан халқын құттықтап, Алғыс айту күні достық, адамгершілік, өзара көмек сияқты құндылықтарды дәріптейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл мереке дәстүр мен тарихқа көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күніне орай 500-ден астам іс-шара өтеді
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мәдени мекемелер жалпы 514 іс-шара ұйымдастырады. Қазақстан халқы бұл күні қайырымдылық концерттеріне барып, театрландырылған қойылымдар мен көрмелерді тамашалап қана қоймай, түрлі акцияларға да қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді
Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікке ілінген экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алғашқы тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2024
«Бір шаңырақ астында»: түрлі этнос өкілдері қазақ халқына алғыс айтты
Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» деп аталған мәдени іс-шара өтті. Тағылымды басқосуға келген түрлі этнос өкілдері тағдырдың қилы соқпағында бауырына басқан қазақ халқына алғыстарын айтып, достық пен татулықты арқау еткен музыкалық туындылардан концерт ұсынды.
Құтқарушы • 01 Наурыз, 2024
Құрбысын құтқаруға көмек шақырып үлгерген 7 жасар бала марапатталды
Астанада қасындағы баланы құтқаруға уақтылы көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 01 Наурыз, 2024
Әлемдік Гран-при турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды
Австрияның Линц қаласында наурыздың 8-10 күндері дзюдодан өтетін әлемдік Гран-при турниріне баратын Қазақстан командасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Наурызда Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасы ашылады
Биыл 2024 жылдың наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Ақпан, 2024
Алматы әкімдігінің қызметкерлеріне 43 миллион теңге айыппұл салынды
Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарасын жүзеге асыру барысында заң бұзушылыққа жол берген құрылымдық бөлім қызметкерлері 161 айыппұл арқалады. Олар өтеу керек қаржының жалпы сомасы - 43.3 миллион теңге, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Ақпан, 2024
Халықаралық турнир: Мергендерде – үш медаль
Стенд атудан Қатар елінің бас қаласы Дохада өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Отандастарымыз бір күміс, екі қола медаль тақты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Жәнібекті сатып жіберген перзентхана қызметкері табылды
Журналист Қымбат Досжан туған анасын іздеп, күні кеше Қазақстанға келген Жәнібек Савельевті сатып жіберген адамдарды білетінін мәлімдеді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабар таратты, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 29 Ақпан, 2024
Синтетикалық есірткі көлемі тоннаға жетті – сенатор
Сенатор Геннадий Шиповских Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдап, елде синтетикалық есірткінің таралу проблемасы ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Алматының төрт шағын ауданында су құбыры және кәріз желілері салынады
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
Елде уақыт белдеуі теңеседі. Өзгеріске қалай тез бейімделуге болады?
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5). Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Ақпан, 2024
БҰҰ: Ғылымның онжылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған БҰҰ Тұрақты даму мүддесінде Ғылымның халықаралық онжылдығы аясында «Коммуникацияның жаңа дәуірі: бір дауыс» атты дөңгелек үстел өтті.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Риэлторлық қызметке қатаң мемлекеттік бақылау қажет - депутат
Үйін риэлторлық қызметпен сатамын деп опық жеп қалғандар көп. Депутат Олжас Құспеков бұл түйткілге қатаң мемлекеттік бақылау керек екенін айтып, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевқа сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: екі қазақ спортшысы – жеңіс тұғырында
Су спорты түрлерінен Нью-Кларк-Сити (Филиппин) қаласындағы XI Азия чемпионатында бүгін 1 метрлік тұғырдан суға секіру бойынша жекелей сайыста Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Ақпан, 2024
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы: 1 000 астам азамат жұмысқа орналастырылды
Елордада жүзеге асырылып жатқан «JOLTAP» жобасы шеңберінде қала тұрғындары жұмысқа орналасуға көмек, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады және 13 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазыла алады. Келушілер мен жұмыссыз жастарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2024
Түрмедегі төбелес. Қатаң режимдегі колонияда сотталушы көз жұмды
Қарағанды облысы, Абай ауданындағы №29 қатаң режимдегі түзеу колониясында сотталушы қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: қазақ спортшылары екі рекорд орнатты
Су спорты түрлерінен Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстанның екі спортшысы жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
Ұлттық құрама XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды
Бүгін Алматы қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтетін XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманы ресми шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz csp_parasport.kz мәліметіне сілтеме жасап.