Ақ
Президент • 09 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер барысында қол жеткізілген Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқынға алынған адамдарды босату туралы келісімді қолдайды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 08 Қазан, 2025
Ұлттық музейде Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Қазан, 2025
Әйелді ұрып-соқты деп айыпталған ақтөбелік әкім айыппұл төлейді
Сот Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырды кінәлі деп танып, 80 АЕК көлемінде айыппұл салды. Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Қазақстанда алдағы үш жылда зейнетақы мөлшері өседі
2026-2028 жылдар аралығында Қазақстанда зейнетақы көлемі артады. Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қазан, 2025
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі тағайындалды
АҚШ Сенаты 51 дауыспен Джули Стаффтты Қазақстандағы елші қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Cleveland басылымына сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қазан, 2025
Ескі ұшақтар елге қауіп тудырып тұр
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Көлік министріне жолдаған депутаттық сауалында елімізде әлі де кеңестік Як-40 жолаушылар ұшақтарының пайдаланылып жүргенін сынға алды. Халық қалаулысы бұл әуе кемелерінің пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткенін айтып, олардың азаматтардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа ережелері бекітілді
Қазақстанда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдануды реттейтін ережелерге енгізілген түзетулер жақын арада күшіне енеді. Денсаулық сақтау министрі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Қазан, 2025
Келешек мектептерінің оқу бағдарламасына AI тақырыптары енгізілді
«Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептерде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптарын енгізу жұмыстары басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қазан, 2025
Оралда аурухана науқастың өлімі үшін 3 млн-нан астам өтемақы төлейді
Батыс Қазақстан облысында 45 жастағы әйелдің өліміне байланысты сот аурухана қызметкерлерінің кінәсін анықтап, марқұмның анасы мен әпкесінің пайдасына моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 08 Қазан, 2025
Қазақстан - Лихтенштейн матчын қайдан көруге болады
Жұма күні, 10 қазанда Астанада 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу матчы өтеді, онда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Шаруашылық • 07 Қазан, 2025
Түркістан облысында мақташылардың ауқымды фестивалі өтті
Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 07 Қазан, 2025
Қазақстанда жасалған вагондар сынақтан өтті
«Штадлер Қазақстан» зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2025
«Астананың» велошабандозы жарақат алып қалды
Өткен аптада Малайзиядағы «Лангкави» турында «Астананың» велошабандозы Маттео Малучеллидің өнеріне жанкүйерлер қатты тамсанды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2025
Қазақстан әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 07 Қазан, 2025
«Ауыл аманаты» арқылы бөлінген 13 млрд теңге мақсатсыз жұмсалған
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңге несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражатын сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға пайдаланған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары іске қосылады
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жалғасып келеді. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова атап өткендей, 2026 жылдан бастап әр азамат өзінің электрондық денсаулық паспортына толық қол жеткізе алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Қазан, 2025
Қазақстанда қолма-қол ақша жасайтын 81 топ анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Қазан, 2025
Елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру көлемі өскен
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кейінгі жеті жылда Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 2,8 есе өскенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қазан, 2025
Тұрмысы төмен азаматтарға медициналық көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізіледі
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында келесі жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтарға МӘМС бойынша медициналық көмек берілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 07 Қазан, 2025
Елімізде суару маусымы аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңінің қорытындысы бойынша аппарат кеңесін өткізді. Биылғы суару маусымында ел көлемінде жалпы 11,01 млрд текше метр су алынған, оның 98 пайызы оңтүстік өңірлерге тиесілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қазан, 2025
Ақмола облысында мемлекеттік бағдарлама қаржысы жымқырылған
ҚР қаржылық мониторинг агенттігі осал топтардың тұрғын үй кезегін қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 07 Қазан, 2025
Елдегі кәсіпорындар жұмыскерлерге 2,2 млрд теңге жалақы төлемеген
Елімізде еңбек инспекторлары жүргізген тексерулер нәтижесінде жалақы берешегі мен заңбұзушылықтардың мыңдаған дерегі анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында он мыңдаған азаматтың құқықтары қорғалып, еңбеккерлерге миллиардтаған теңге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қазан, 2025
Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды
7 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы күтіледі. Алайда «Қазгидромет» дерегіне сәйкес, тоғыз қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Қазан, 2025
ЭЫДҰ зерттеулері: Қазақстанның білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жүргізген TALIS-2024 сабақ беру және оқытудың халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша еліміздің білім беру жүйесінде оң өзгерістер байқалып отыр. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған білім беру саласын дамыту және педагог мәртебесін арттыру шараларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс • 06 Қазан, 2025
Ескі монша жанындағы оқушы өліміне қатысты сот үкімі шықты
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Темір ауданы Қопа ауылында болған қылмысқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Қазан, 2025
11 қылмысты ізін суытпай әшкерелеген жедел уәкіл марапатталды
Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Үздік жедел уәкіл-2025» байқауында Байғанин аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ырзалы Сағынғалиев бас жүлдені жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2025
Ауыр жүк көліктерін бақылайтын автоматты станция
Шымкентте қаланың жол қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын жақсарту үшін тағы бір ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағында алғашқы үш автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылып, толыққанды жұмысын бастамақ, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Қазан, 2025
Жетісайда 106 мың тоннадан астам мақта жиналды
Түркістан облысының оңтүстік аудандарында мақта теру науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр. Ерте көктемнен егістік алқабында еңбек еткен аудан шаруалары үшін жиын-терім науқанының әрбір күні мен сағатын тиімді пайдалану аса маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қазан, 2025
Елімізде жыл соңына дейін 1500-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қазан мен желтоқсан аралығында демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, ел бойынша аптасына бір рет жалпы саны 1619 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Қазан, 2025
Трамп Ақ үйде UFC турнирінің өтетін күнін жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 14 маусымында Ақ үйде тұңғыш рет тарихи UFC турнирі өтетінін жария етті. Бұл күн Трамптың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.