Спорт • 18 Қараша, 2025

Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Астанаға жұмыс сапарымен келген Халықаралық конькишілер одағының (ISU) конькимен жүгіру спорты жөніндегі директоры Хуго Херрнхофпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шорт-тректен 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Тараптар Қазақстандағы конькимен жүгіру спортының, әсіресе шорт-тректің дамуы, ISU-пен ынтымақтастықты нығайту жолдарын және 2026 жылғы Милан қысқы Олимпиадасына дайындық мәселелерін талқылады.

Министр Ербол Мырзабосынов елімізде шорт-тректің жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Биыл Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, биылғы маусымда Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің екі кезеңін өткізу мәртебесіне ие болды. Бұл еліміздің халықаралық аренадағы беделін және жоғары ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеді.

Хабарланғандай, 2027 жылы Қазақстан жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатын өткізу мәртебесін алды, бұл ұлттық коньки спорты тарихында ең ірі оқиға болмақ.

ISU директоры Хуго Херрнхоф «Алау» мұз сарайының жағдайын, жарыстардың ұйымдастырылуын және  спортшылардың әлеуетін жоғары бағалап, ISU бағдарламалары аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025