ат
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Британдық спортшылар «Көшпелілер ойындарына» қатысады
Ұлыбритания елшілігінің қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Оқушылар информатика сабағында тыйым салынған сайттарға кірген
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары Петропавлдағы 9 орта мектепте оқушылар тыйым салынған сайттарға кіргенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Медальді көп әкелетін спорт түрлерін дамыту керек – министр
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтері бекітілген. Нормативтерге сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда 55-165 мың адамға арналған 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, облыстарда 20-50 мың адамға 1 БЖСМ, облыстың әрбір ауданында кемінде 1 БЖСМ болуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.
Сенат • 21 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы Түркияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 21 Ақпан, 2024
Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Мәжілістің жалпы отырысында Ажар Сағындықова депутаттық сұрағын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкіліне жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Ақпан, 2024
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Интернаттарда мемлекеттік бақылау алдын ала ескертусіз жүргізіледі
Бүгін Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Депутат Дәулет Мұқаев баяндама жасаған Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменовадан интернаттарда мемлекеттік бақылау қалай жүргізілетініне қатысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні түсті. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 21 Ақпан, 2024
Суға батқан баланы аман алып қалған құтқарушылар марапатталды
Алматыда 18 ақпан күні бала өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен лейтенант Абиров Серік марапатталды. Подполковник Қасенов Талғат пен майор Ілияс Серік ҚР ТЖМ Алғыс хатын алды. Министр атынан марапатты Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстап, алғыс білдірді. Сондай-ақ баланың әкесі ТЖД-ға арнайы келіп, құтқарушыларға отбасының атынан алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Ақпан, 2024
Жуырда дзюдодан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен Grand Slam додасында 48 кг салмақта белдескен Әбиба Әбужақынова қола медаль иеленді. Енді 1-3 наурыз аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында Grand Slam турнирі өтеді. Рейтингтік ұпай үлестірілетін додада үштікке ену – Париж Олимпиадасының жолдамасына қарыс қадам жақындай түсу деген сөз. Бакудегі бәсекеде ерлер мен қыздар құрамасынан жалғыз өзі жүлде алған Әбибаны әңгімеге тарттық.
Заң • 21 Ақпан, 2024
Ел азаматтарының жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды
Халықтың жеке деректері сақталған мемлекеттік маңызды ақпарат жүйесіне қол сұққан азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Ақтау қалалық соты оны 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан каратэшісі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды
Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден Karate1 Series A халықаралық турнирі аяқталды. Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Әкімдік қызметкері қызды ұрып-соғып, күш көрсеткен: желідегі видео жұртты аң-таң қылды
Алматы әкімдігінің қызметкері қызды ұрды деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнеролик жұрттың наразылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 20 Ақпан, 2024
Қазақтың мың бұралған биші қызы Германияда «алтын» олжалады
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен «TANZOLYMP» беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан мектептерінде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
1 наурызда Қазақстанда уақыт белдеуі ауысады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте мектептерде сабақтың басталу уақыты да өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz kaz.tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 12 медаль олжалады
Иранның бас қаласы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 6 қола, барлығы 12 медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ атауы өзгереді
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ және ауыл атауы өзгеріп, қайта аталынады. Іле, Кеген, Талғар аудандарының жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес шешімді мәслихат қабылдап, қаулыны облыс әкімі шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Алматыда тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды
Алматы қаласының өрт сөндіруші қызметкерлері өртеніп жатқан көпқабатты үйден 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссияның тексеру жұмысынан кейін осындай шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
«Сөндірілмеген шылымнан тұтанған от»: Жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды
Көкшетаудағы жатақхананың өртенуіне сөндірілмеген темекі себеп болған. 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Алматыдағы «Қазақстан» шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы прокурорлары «Қазақстан» шипажайын мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Ақпан, 2024
«680 млн теңге ұрлаған»: Алматыда жемқор шенеунік ұсталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 19 Ақпан, 2024
Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті
«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды
Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының 2-жарыс күні аяқталды. Ұлттық құрама қоржынына тағы 3 медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 19 Ақпан, 2024
Өзбекстан Жалаңтөс батыр туралы фильм түсірді
Өзбек кинематографистері Самарқан әмірі, Регистанды құрған атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап тарихи көркем фильм түсірді. Премьерасы Наурыз мерекесі қарсаңына жоспарланған екен. O’zbekkino фильмнің трейлерін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 18 Ақпан, 2024
Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде 3 медаль еншіледі
Бүгін Иран астанасы Тегеранда жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Жерлестеріміз құрлықтық бәсекенің бірінші күні қоржынға 3 медаль салды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, облыстың бір өңірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Алматыда барахолка базарының қоймасы өртеніп жатыр
Алматыдағы барахолка базарының қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Алматы қаласында 25 ақпан күні жолдар жабылады
Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 марафоны өтуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп жазады Egemen.kz.