АҚ
Білім • 25 Сәуір, 2024
Биыл Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды
Ақтауда 25 мамырда өтетін «соңғы қоңырау» іс-шарасы өтпейтін болды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Су тасқыны: ҚазҰУ 10 млн теңгенің көмегін көрсетті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті су тасқыны болып жатқан Батыс Қазақстан облысына 5 млн теңгеге 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ су тасқынынан үйлері зардап шеккен 50 студентке 100 мың теңгеден жәрдемақы тағайындады. Жиналған көмектің жалпы соммасы 10 млн теңгені құрады.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Президент: Тасқыннан кейін ауылдар жаңа келбетке ие болады
Президент су тасқынынан зардап шеккен халықтың мал-мүлкі 5 ай ішінде өтелуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
Қазақстанда Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында елдегі су тасқыны жағдайын қозғап, мемлекет тарапынан пәрменді шаралар қабылануы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Сәуір, 2024
«Болашақ» стипендиясының талаптары кімдер үшін жеңілдейді?
«Болашақ» стипендиясына ауылдық елді мекендерден инженерлік, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлерге ағылшын тілін білуге қойылатын талаптар жеңілдейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Сәуір, 2024
Президенттің Телерадио кешені мен Al Jazeera серіктестігінің жобасы жас журналистерді қанаттандырды
Астанада өтіп жатқан «Al Jazeera апталығы» аясында Қатар телекомпаниясының басшылары ҚР Президенті телерадиокешені ұжымымен кездесіп, Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтің қызметімен танысты.
Президент • 24 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Дэвид Кэмеронге ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2024
Найзағай, бұршақ, боран. Алматыда күн райы күрт бұзылды
Бүгін кешке Алматыда күн райы күрт бұзылды. Қала аспанын қара бұлт торлап, нөсер құйған. Соңыра бұршақ жауған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Сәуір, 2024
Тарихи жеңіс: Қазақстан садақшылары алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Тарихи жеңіс туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 24 Сәуір, 2024
«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Боралдай филиалында «Қазақстан-қызғалдақтар отаны» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Ақши ауылының тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тарты
Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында «Арақсыз ауыл» жобасы бастау алды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Сәуір, 2024
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгіленді
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 сәуірдегі «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2024
Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды
Бүгін, 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2024
Ақтауда ауладағы көліктің үстіне мініп секірген тұрғын ұсталды
Ақтау қаласындағы ықшамаудандардың бірінде ішімдік ішкен тұрғын өзгенің көлігін күшпен тепкілеген. Куәгерлер оның әрекетін видеоға түсіріп алған. Қалалық Полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Гуманитарлық жүк тиелген көліктер ақылы жолдарда тегін жүреді
Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тасқын судан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 24 сәуір – 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Сәуір, 2024
«Жасыл аймақ»: Жеңімпаздар анықталды
Еліміздің барлық өңірінде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Тараз қаласында жалғасып жатыр. Тараздық жастар акция аясында 1200 көшет отырғызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Тәжікстан жіберген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жетті
Ақтөбеге тағы бір гуманитарлық жүк жетті. Бұл жолы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге бауырлас Тәжікстан халқы қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024
Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2024
Бүгін найзағай ойнап, бұршақ жауады - синоптиктер болжамы
«Қазгидромет» синоптиктері 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 24 Сәуір, 2024
Ақтөбеде орталық директоры мүгедектерге тиесілі 30 миллион теңгені жеп қойған
Ақтөбеде “Мore Life” қоғамдық қорының директоры балаларды емдеуге арналған қаражатты иемденді деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Биыл 4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Жыл басынан бері 4 351 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 132,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек қалай көрсетіледі?
Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Алматының 212 тұрғынын кене шақты
Көктем мезгілі басталғалы бері Алматыда 200-ден астам адамды кене шаққан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Қырғызстан арасында авиациялық ынтымақтастық орнады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында екі мыңға жуық адам өтемақы алды
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 1 966 адамға мемлекеттен жалпы сомасы 638,8 миллион теңгеге жуық әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 23 Сәуір, 2024
«Бірін-бірі аямайды». Мырзағали Айтжанов боксшылардың бірлескен жаттығуы қалай өткенін айтты
Түркістан облысындағы Алма-Тау оқу-жаттығу базасында бокстан Қазақстан құрамасы мен шетелдік боксшылардың бірлескен жаттығуы өтті. Бірлескен дайындыққа ел боксшыларымен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Куба мемлекеттерінің чемпиондары да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Ақмолалық құтқарушылар отқа оранған қоймадан итті алып шықты
Кеше, 22 сәуірде Заводская кентіндегі «Сантик» ЖШС ұйымының аумағында қойма өртеніп, жалын 500 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз жау 2 сағаттың ішінде жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген 17 кәсіпкер анықталды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМТ) бағасын негізсіз көтерген 17 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.