Ай
Әскер • 02 Ақпан, 2024
6654 әскери бөлімі оқу батальонының 1 оқу ротасы Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдеріне байланыс мамандарын дайындайды. Әр жылдың 1-ші және 3-ші оқу кезеңдерінде мерзімді әскери қызметшілер арасында маман-радиотелефонистер оқытылады. Ал 2-ші және 4-ші кезеңдерде алғашқы даярлау және қайта даярлау бағдарламалары бойынша келісімшарт әскери қызметшілері арасында бөліністердің торап бастығы, электр-күш қондырғыларының бастығы, бөліністегі станция бастықтары, радиотелефон тобының бастығы, спутник станциясының маман-технигі, бөлініс бастығы (аппарат) бастықтары мамандықтары бойынша оқытады. Әр оқу кезеңі екі ай уақытты алады.
Ауа райы • 02 Ақпан, 2024
Синоптиктер алдағы үш күнге, 3-5 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 02 Ақпан, 2024
Мәжілісте Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған жиын өтті
Бүгін Парламент Мәжілісінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған жиын өтті. Тағылымды кездесуге елімізге еңбегі сіңген қайраткер-тұлғалар, Қаратай Тұрысұлымен үзеңгілес, әріптес болған азаматтар, аяулы жары мен жақындары, Сенат пен Мәжіліс депутаттары және Үкімет мүшелері қатысты.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президент өкімі бойынша аталған лауазымға тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Ақпан, 2024
Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ол енді «Адана Демирспор» футбол клубында өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 01 Ақпан, 2024
Смайылов пен Мишустин қазақстандық көмірді Ресей арқылы тасымалдау мәселесін талқылады
Алматыда Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин кездесті. Келіссөздер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Михаил Мишустин Алматыға келді
Ресей премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады, сонымен қатар Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Ақпан, 2024
Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты төртінші цехын іске қосады
Қазақстан мұнай қоры қомақты елдер санатында. Оны өндіруде де өрлеу бар. Өткен жылдың өзінде елімізде 84 миллион тонна мұнай өндірілген. Осы істің ілгерілеуі үшін мұнайды бұрғылау, тарту, өткізу құрылғыларын да Қазақстанда шығарудың маңызы зор. Осы міндеттің бір тарапын «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көтеріп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Ақпан, 2024
Жалақыдан 530 млн теңге жымқырған. Жетісай ауданы білім бөлімі есепшілері тергеуге алынды
Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Ақпан, 2024
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметіне кірісті
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Ақпан, 2024
Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
«Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны 18 пайызға артты
Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің негізгі міндеті — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және өсімін молайту. Қызылсай паркінің құрамына «Тасорпа», «Манашы», «Жабайұшқан», «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалдары мен Қызылсай паркі кіреді. Қазіргі таңда парк қорғауындағы арқар, қарақұйрық басы 18% -ға көбейіп, аңдар мен құстар үшін даладағы 52 бұлақтың көзі ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Абай облысында 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бұл, әрине, бір аптаның нәтижесі емес. Абай облысында көшені белгіленбеген жерлерден өткені үшін 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 31 Қаңтар, 2024
«Қар жауып, бұрқасын болады»: Синоптиктер ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 31 Қаңтар, 2024
Бұрынғы мәдениет вице-министрі жаңа қызметке тағайындалды
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 31 Қаңтар, 2024
«7 жылымның әрбір сәтіне ризамын»: Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген күллі әлемдегі тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2023 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Республикалық маңызы бар автожолдардан 2 учаске жабық
«ҚазАвтоЖол» мәлім еткендей бүгін сағат 12.30-дағы ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Қаңтар, 2024
UFC құрамына тағы бір қазақ спортшысы қосылды
Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсым өнер көрсететін әлемдегі ең үздік промоушен UFC-мен аралас жекпе - жек шебері Бекзат Алмахан да келісімшартқа отырды, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 31 Қаңтар, 2024
Қытайда екі жер сілкінісі тіркелді
Қытайда тағы екі рет жер сілкінді. Бұл туралы Қытайдың сейсмикалық желі орталығы (CENC) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын»: Іздестіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны айтылды
«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелген. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метрді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Қаңтар, 2024
Бүгін оңтүстік облыстарда қалың қар жауады
Синоптиктер қаңтардың соңғы күнінде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қаңтар, 2024
Синоптиктер ескертеді: елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады
Синоптиктер елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 30 Қаңтар, 2024
«Зиярат туризмі»: Қазақстан-Өзбекстан арнайы жол картасын әзірледі
Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті аталған мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет арасында саяхатшылар ағынын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 30 Қаңтар, 2024
Нарықта доллар мен мұнай арзандады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 448,17 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Қазақтың белгілі ауыр атлеті Вячеслав Ершов көз жұмды
Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғаған атақты ауыр атлет Вячеслав Ершов 44 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Жол ережесін бұзу дерегін хабарлағанда сыйақы беріле ме?
Кейінгі кезде көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны жөніндегі деректі тек жол-патрульдік полиция өкілі не «Сергек» камералары ғана емес «үшінші тұлғалар да» жиі назарға іліп жүр. Елдегі көлік тізгіндеген азаматтар айыппұл арқалағаны туралы ақпаратты полицияға ұсынған үшінші тұлға екені анықталғанда пікірі қақ бөлініп жатады. Кейбірі жол ережесін сақтауға қоғам мүдделі болу керек деген ойды қуаттаса, келесі топ құзырлы мекеме қызметі болмаса өзге біреудің негізді-негізсіз ақпарат жіберуі алауыздыққа алып келеді деген ұстанымға арқа сүйейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 30 Қаңтар, 2024
«Елдосқа ерекше көңіл бөлінді». Бас бапкер балуандардың бабын айтты
2-4 ақпан күндері Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Еліміздің құрамасы айтулы додаға аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қаңтар, 2024
Тұман, көктайғақ: Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 30 қаңтардағы Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.