Іс
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты күдіктіге сот-психиатриялық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сараптама қорытындысы шыққан соң іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан сейсмологтары көршілес Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері елорда уақытымен 2 сәуір күні таңғы 04:28-де болған. Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,9 балды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
2-4 сәуір аралығында Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай құбылмалы болады. Елдің бірқатар өңірінде көктемнің жылы әрі құрғақ ауа райы сақталғанымен, батыста және кейіннен басқа аймақтарда жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
Индонезияда магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі болды
2 сәуір күні таңертең Индонезия аумағында қуатты жер сілкінісі болды. Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының (CENC) мәліметінше, жерасты дүмпуі Бейжің уақытымен сағат 06:48-де Молукк бұғазы маңында тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
Сәуір айының 1-інен бастап елімізде заңнамалық, экономикалық және әлеуметтік салаларда бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енеді. Бұл жаңашылдықтар коммуналдық тарифтерден бастап мемлекеттік қызметке қабылдау, қаржы нарығы, салық жүйесі және балалар қауіпсіздігіне дейінгі кең ауқымды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 01 Сәуір, 2026
Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады
Түркістан облысында көлік жуатын орында болған жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, адам өлімімен аяқталды. Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, оларға ұзақ мерзімді жаза кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді
Жер сілкінісі 31 наурыз күні сағат 13:23-те тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Бір тәулікте екінші рет: Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 11:11-де Жетісу облысында екінші рет жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан жолдарында жүргізушісіз көліктер пайда болады
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 31 Наурыз, 2026
Бизнестегі бюрократия азайды ма? Қаржы вице-министрі жауап берді
Қазір Қаржы министрлігінің жекелеген цифрлы сервистері біртұтас экожүйеге шоғырландырылып жатыр. Осыған сәйкес кез келген кәсіпкер салық пен кеденнен бастап сатып алулар мен мемлекеттік қолдау шараларына дейінгі барлық негізгі процеске бір терезе арқылы қол жеткізеді. Мемлекет пен бизнестің арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері мен саладағы өзге де жаңашылдықтары жөнінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанның Деректер орталығының жедел мәліметтеріне сүйенсек, 2026 жылғы 31 наурызда Астана уақытымен сағат 00:42-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Наурыз, 2026
Пәкістандағы су тасқынынан 17 адам қаза тапты
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың басым бөлігі – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Наурыз, 2026
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді
Биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 30 Наурыз, 2026
Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапарымен барып, Алматы мен Түркістандағы әскери нысандардың құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Наурыз, 2026
Біздің кейіпкеріміз – Камал Әлпейісова. Жан-жақты талант иесі. Ілеспе аудармашы, жазушы, публицист, ғалым. Камал апайдың жүзі сондай жылы. Мейірімі төгіліп тұрады. Ол кісімен кездескенде бір жақыныңды көргендей боласың. Көңілі таза, жаны ізгі адам. Қаламгердің осы қасиетін оны танитындар айрықша бағалайды.
Оқиға • 27 Наурыз, 2026
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша кешенді жедел-тергеу іс-шаралары өтті. Нәтижесінде барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Сонымен қатар 17 санкцияланған тінту жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Наурыз, 2026
Мораторий аяқталды: Енді – нақты тариф саясаты
2026 жылғы 26 наурызда Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті мораторий аяқталғаннан кейінгі тарифтік саясат мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, сарапшылар және қоғам өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 26 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA Series турнирінің алғашқы кездесуінде Намибияны жеңді. «Астана Арена» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2026
Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады
Қазір құжаттарды ресімдеу 90 күнге дейін созылса, жаңа ереже қабылданса, бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2026
Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи соңғы 24 күн ішінде елдің АҚШ-пен ешқандай байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, Иранның Ормұз бұғазы мен соғысты тоқтату шарттары бойынша ұстанымы өзгермеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Наурыз, 2026
Алтын мен күміс бағасы күрт төмендеді
Әлемдік Comex биржасында алтын фьючерстері 6%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта алтынның бір унциясы 4 200 доллар төңірегінде саудалануда. Бұл – соңғы 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Наурыз, 2026
Қазақстанда қымыз өндірісі артты
Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісіне қатысты деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 20 Наурыз, 2026
Жетісу облысында әкесін ұрып-соққан екі жігіт ұсталды
Жетісу облысы Ақсу ауданының 62 жастағы тұрғыны Бақытбек Қадысұлы балаларының өзін жүйелі түрде қорлап келе жатқанын айтып, қоғам белсендісі Данияр Бейісқалиге жеткізген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2026
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Түркістан қаласындағы жаңадан салынған атшабарда өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатына 9 елдің командалары қатысып жатыр. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары жүлде жолында бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Наурыз, 2026
Пәкістан Премьер-министрі Тоқаевты республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады
Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 17 Наурыз, 2026
Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен
Елдегі жол құрылысына бөлінген қомақты қаржының тиімді игерілмегені белгілі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, жүздеген миллиард теңгеге қатысты күмәнді деректер анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 17 Наурыз, 2026
Digital Nauryz: Өңірлерде ЖИ бойынша оқыту іс-шаралары өтеді
17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін көрсетуге арналған ашық оқыту іс-шаралары ұйымдастырылады. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру мен жасанды интеллект жылына орай өткізіледі, деп жазады Egemen.kz.