ас
Қоғам • 23 Мамыр, 2026
Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр
Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында ТЖМ қызметкерлеріне арналған Қазақстандағы алғашқы «112 Resort Aktau» resort-кешенінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2026
Биыл Астанада 173-ке жуық қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру, сондай-ақ 1,1 миллионнан астам жасыл желек (көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар) отырғызу жоспарланып отыр. Egemen.kz
Әскер • 23 Мамыр, 2026
Астана аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімі өтеді
Астанада 28 мамыр күні Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 23 Мамыр, 2026
Азия чемпионатына Қазақстан құрамасын Ризабек Айтмұхан бастап барады
Бүгін Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 23 Мамыр, 2026
Жапонияға ай сайын 100 бас жылқыны тірідей жөнелту жоспарланып отыр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Токио губернаторы Коикэ Юрикомен кездесті. Тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту көкжиегін талқылап, инвестициялық әріптестік пен аквашаруашылық бағыттарын дамытуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 23 Мамыр, 2026
Ақмола облысында 20 мың ангусқа арналған ет фермасы салынады
Ақмола облысының Ерейментау ауданында шетелдік инвесторлардың қатысуымен Big Farm кәсіпорыны ет өндіру бойынша интеграцияланған кешен құру жоспарлануда. Жобаға Испания компаниялары қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Мамыр, 2026
Жүргізуші, сақ бол: Жолда бұлан бар
Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілерді бұлан көші-қонының басталуына байланысты қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 23 Мамыр, 2026
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Бес күннен кейін Астана Еуразиялық экономикалық интеграцияның, цифрландырудың және технологиялық дамудың болашағын талқылаудың орталық алаңына айналады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басын қосатын іскерлік форумы 28-29 мамырда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 23 Мамыр, 2026
Астанада екі пәтерде есірткінің бірнеше түрін сақтаған азамат ұсталды
Астанада полиция 35 жастағы ер адамды есірткі сақтады және таратты деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 23 Мамыр, 2026
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
23 мамырда еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2026
Қазақстан 11,7 млн тонна астық пен астық есебіндегі ұн экспорттады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 20 мамырға дейін астық пен астық баламасындағы ұн экспортының көлемі 11,7 млн тоннаны жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Пойыз дәретханасында болған келеңсіздіктен кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты тасымалдаушы компаниядан моральдық зиян мен билет құнын өтеуді талап еткен пойыз жолаушысының талап-арызы бойынша істі қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі Egemen.kz
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Осыдан бес күн бұрын АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауында жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақстандық оқушы марапатқа ие болған еді. Бүгін қазақстандық оқушылардың тағы екі жобасы жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі Association for the Advancement of Artificial Intelligence, қысқаша AAAI, арнайы марапаттарына ие болды, хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 22 Мамыр, 2026
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Семей қаласында «Елімай» футбол клубының 2026 жылғы маусымының ресми таныстырылымы болды. Іс-шара аясында клубтың негізгі құрамы, әйелдер командасы, футбол орталығының тәрбиеленушілері, жаттықтырушылар штабы, сондай-ақ 2026 жылғы маусымға арналған жаңа ойын және жаттығу формалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 22 Мамыр, 2026
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Атырау облысындағы Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 22 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Париждегі Арткюриаль аукцион үйінде Эйфель мұнарасы баспалдағының бір бөлігі 450 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдайдың алдын алған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпқабатты үйдің 12-қабатындағы балконда тұрған кішкентай баланы тұрғындардың бірі дер кезінде байқап, құтқарып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2026
Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Екібастұз ГРЭС-1 станциясына барып, алдағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің ірі энергия көздерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
«Суға батты»: Астанада полицияны алдаған екі азамат жауапқа тартылды
Астана қаласында тәртіп сақшысын алдаған екі пранкер әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың бірі 10, екіншісі 15 тәулікке қамалды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Конгода Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді
Конго Демократиялық Республикасының шығысында Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2026
Шұғыл қызмет өкілдері Астана әуежайына не себепті жиналды?
Бүгін Астана халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқыс жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылар мен қала тұрғындарына арнайы ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
АҚШ-та қанды қылмыскер өлім жазасынан құтылып кетті
АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасына кесілген сотталушыны жазалау әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Астанада жол жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-24 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жол өткелі толықтай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2026
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Астана қаласында үй маңайындағы мектепке баланы орналастыру оңай емес. Білім ордасы алдымен тұрғылықты мекенжайдан тіркеу сұратады. Мұқият тексерістен өткен соң, бала сыныптағы 30-дан аса оқушының қатарына қосылады. Қазір көп мектептегі жағдай – осы. Мектептерде орын тапшы. Жалпы былтырғы оқу жылында 20 мыңнан аса балаға орын жетіспеушілігі сезілген. Бүгінде 1 200 орындыққа арналған білім ордаларында 4 мыңға жуық бала оқиды. Жыл сайын жаңа мектептердің саны артқанымен бұл мәселені толық шеше алмай отыр. Осы мәселеге қатысты Egemen.kz тілшісі қалалық білім басқармасына хабарласқан болатын.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Баспана кезегін үйден шықпай қалай тексеруге болады?
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар өз мәртебесін енді онлайн оңай тексере алады. Бұл туралы «Отбасы банк» арнайы нұсқаулық жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
Еңбекке жегу, қайыр сұрату: Адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына байланысты 75 қылмыс анықталғанын мәлімдеді. Тіркелген деректер арасында адамдарды мәжбүрлі еңбекке жегу, қайыр сұратуға мәжбүрлеу, жыныстық қанау, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және жаңа туған сәбилер саудасы фактілері бар, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті
Қытайда нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Гондурастағы екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам қаза тапты
Гондураста болған екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам, оның ішінде 6 полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.