Фото: Ашық дереккөз
Әуежай таратқан ақпаратқа сәйкес, оқу-жаттығу сағат 12:00 мен 14:00 аралығында өтеді. Оған әуежайдың авариялық-құтқару қызметі, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, өрт сөндіру бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, «103» қызметі және әуе компаниялары қатысады. Осылайша бірлескен әрекет алгоритмі пысықталады. Сол орайда әуежай аумағында арнайы техника, өрт сөндіру көліктері мен шұғыл қызмет өкілдері көптеп көрінуі мүмкін.
Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?
Әуежай басшылығы жолаушылар мен тұрғындарды сабыр сақтауға және жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырды. Ресми мәліметке сәйкес, әуежай қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді.
Бұған дейін Астана туралы заң қаланы қалай өзгертетіні туралы хабарлағанбыз.