Ай
Оқиға • 29 Қаңтар, 2024
Атырауда адамдар мінген көлік Жайық өзеніне құлап кетті
Оқыс оқиға 28 қаңтар күні сағат 13:08-де болған. Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетіп, салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Қаңтар, 2024
Қаңтардың соңғы күндері ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2024
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды
Қарағанды қаласы Майқұдық ауданында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Видеоға құзырлы органдар да назар аударып, істі ерекше бақылауға алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Бүркітші қыз Айшолпанның отбасы Қазақстанға қоныс аударды
Моңғолияда тұңғыш бүркіт баптаған Айшолпан Нұрғайыптың отбасы тарихи Отаны Қазақстанға оралды. Бүркітші қыздың өзі бұған дейін елге келіп, қазіргі таңда С.Демирел атындағы университетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курсында оқып жүр, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Қаңтар, 2024
Елордада 4 күн қатарынан қалың қар жауады
Синоптиктер алдағы 7 күнде Астанада қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжамға сәйкес, елордада қар жауып, үсік күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz OpenWeather порталына сілтеме жасап.
Әлем • 29 Қаңтар, 2024
Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде күрделі ота жасады
Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде өз міндеттерін тоқтатпаған. Шыңжаң автономиялық ауданындағы «Арал» ауруханасында ақ халаттылар науқастың бас сүйегін ашып, миына хирургиялық ота жасап жатқанда жер сілкінісі болған, деп жазады Egemen.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 29 Қаңтар, 2024
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, тұман күтіледі
Синоптиктердің айтуынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыста және оңтүстік облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қаңтар, 2024
Финляндияда президент сайлауы өтіп жатыр
Бүгін, 28 қаңтарда Финляндияда президент сайлауы өтіп жатыр. Ел азаматтары 13-ші мемлекет басшысын сайлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Қаңтар, 2024
Бүгін құбылмалы ауа райы сақталады
Синоптиктер 28 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2024
Көктайғақ, боран. Республикалық маңызы бар екі тас жол жабылды
Қолайсыз ауа райы салдарынан Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Руханият • 27 Қаңтар, 2024
Ұлттық құрылтайды өткізу дайындығы пысықталды
Бүгін Астанада Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырысы өтті. Іс-шара шеңберінде бір мезгілде «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым», сондай-ақ «Әлеуметтік-экономикалық даму» секциялары үшінші Ұлттық Құрылтай отырысына дайындықты пысықтады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2024
Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары тағы топ жарды
БҚО Бәйге федерациясы Дубайды дүбірлеткен қазақ тұлпары мәре сызығын тағы бірінші болып кескенін хабарлады. Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде топ жарды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 26 Қаңтар, 2024
Қазақстан мен Қытай арасында ғасырдан бері достық диалог орнаған – М.Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті Төрағасының орынбасары Хао Минцзинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 26 Қаңтар, 2024
Демалыста күн суып, 30 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 26 Қаңтар, 2024
Париж жазғы Олимпиаданы өткізуге толық дайын емес - қала мэрі
Биыл 26 шілде - 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылда бір келетін әлемдік додаға дайындық барысын Париж мэрі пысықтады. Анн Идиальго жергілікті BFM телеарнасына берген сұхбатында қала спорттық сайыстарды өткізуге толық дайын емес екенін сынға алып, шұғыл шешілу керек әлеуметтік, материалдық жағдайларға назар аударды, деп жазады Egemen.kz
Ауа райы • 26 Қаңтар, 2024
Бүгін еліміздің солтүстік облысында қалың қар жауады
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 26 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Бірнеше жер телімі қайтарылды – прокуратура
Жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп жазады Egemen.kz Жетісу облысы прокуратурасына сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қаңтар, 2024
Ертең Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан гран-при додасы басталады. Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін рейтингтік ұпай берілетін додаға таңдаулы спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz. Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында кәсіпорындардың біріне 2,3 млрд теңге айыппұл салынды
Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорынның міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қаңтар, 2024
Ақпанда аяздың беті қайта ма, көктем қашан келеді?
«Қазгидромет» РМК ел аумағында ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтып, көктемге мезгілдік болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қаңтар, 2024
Қазақстанның бірнеше қаласында жаңа әуежайлар салынады
Кеше Көлік министрі Марат Қарабаев елдегі шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қаңтар, 2024
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
25 қаңтарда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күшті циклонның әсерінен жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Павлодардадағы автобус апаты: Іздеу жұмыстарына көріпкел қосылды
2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында ойыққа құлап кеткен автобус пен тау-кен құтқарушыларын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 24 Қаңтар, 2024
Шоқан Уәлиханов: Қазақ халқы – ең бір бейбіт халықтардың бірі
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Шоқан Уәлиханов, Абай ойларын ұсындық.
Сенат • 24 Қаңтар, 2024
Сенаторлар еліміздегі демографиялық ахуалды зерделеді
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында болды. Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін демографиялық өсудің маңызы.
Әскер • 24 Қаңтар, 2024
Ұлттық ұланның әскери кеңесінде жыл қорытындыланып, алдағы кезеңнің міндеттері айқындалды
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің басшылығымен және өзара іс-қимыл жасайтын орган басшылары және әскердің генералдары мен офицерлерінің қатысуымен Әскери кеңес өтті. Күн тәртібінде құқықтық тәртіп әскерлерінің 2023 жылғы қызметтік-жауынгерлік әрекеті қорытындыланды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.
Зерде • 24 Қаңтар, 2024
Бас редакторлар «Тіл - қазына» орталығының жобаларымен танысты
Бүгін республикалық Бас редакторлар клубы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына арнайы келіп, ұйым жұмысымен танысты. Бас редакторлар клубының президенті, Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған клуб мүшелері ғылыми-әдістемелік және мемлекеттік тілді цифрландыру бағытындағы ІТ өнімдер туралы ақпарат алды.
Ауа райы • 24 Қаңтар, 2024
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер ұсынған болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады және оңтүстігінде күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Қаңтар, 2024
Ауа райы: Синоптиктер 24 қаңтарға болжам жасады
Синоптиктер 24 қаңтарда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Хоккейшілеріміз жартылай финалға шықты
Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында 3х3 хоккейден Қазақстан командасы іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті. Жігіттер жеті ойын бойынша 12 ұпай жинап, жарыстың жартылай финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.