ыс
ЖОЛДАУ • 29 Тамыз, 2025
Биыл отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 8 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді
Қазақстан Үкіметі азаматтардың ең осал санаттары – әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты бағыттардың бірі ретінде айқындап отыр. Осы мақсатта Ішкі істер министрлігінің құрылымында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
Ауылға келсе, қомақты қаржы алады
Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын жою мақсатында кешенді жұмыс қолға алынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 28 Тамыз, 2025
Қостанайда Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті
Қостанайда Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата заң –тәуелсіздік тірегі: құқықтық мемлекеттің отыз жылдық дамуы» атты мерекелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң саласының мамандары, ардагерлер, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Тамыз, 2025
Түркістан облысы мен Баян-Ғол – бауырлас өңірлер
Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасының Баян-Ғол Моңғол автономиялық аймағы стратегиялық әріптестік орнатты. Өңірге ресми сапармен келген Баян-Ғол округі Халық Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Чжу Дайюн бастаған мемлекеттік және іскер делегациямен екіжақты келіссөздер нәтижесінде өңірлер арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2025
Қонаевта 42 отбасыға пәтер кілті табысталды
Ата Заңымыздың 30 жылдығына орай, Қонаев қаласының тұрғындары зор қуанышқа бөленді. Мерейлі мереке қарсаңында 42 отбасы баспаналы болды. Кілттерді қала әкімі Асхат Бердіханов салтанатты түрде табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2025
100 студент пен 50 дәрігер Түркияда тегін тағылымдамадан өтеді
28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Ыстанбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында 26 тамыз күні сағат 14:30 шамасында «ПКОП» ЖШС аумағында оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш құлап, салдарынан мердігер ұйым «КРС Астана» ЖШС-нің екі қызметкері қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Тамыз, 2025
Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалды
27 тамызда «МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы № 3 турбогенераторда жөндеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы термиялық күйік алып, біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Заң • 28 Тамыз, 2025
648 шетел азаматы елден шығарылған
Жамбыл облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы келтірген мәліметке сенсек, жеті ай ішінде өңірде 21311 шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдар уақытша тіркелуге рұқсат алған деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Целиноград ауданындағы Аққайың ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Тамыз, 2025
Атырауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 19 779 темекі алынды
Атырау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері акциздік маркасыз заңсыз айналымға шығарылған 19 779 темекі өнімін тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 27 Тамыз, 2025
Ақкөл қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдаған ауқымды акция өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Тамыз, 2025
Ақмола облысының әкімдігі Қосшы қаласынан 371 пәтер сатып алды
Елімізде алғаш рет тұрғын үйді бөлу бойынша пилоттық жоба Қосшы қаласында бастау алды. Ақмола облысының әкімдігі «Отбасы банк» акционерлік қоғамына 371 пәтерді мұқтаж азаматтарға үлестіруді тапсырды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов банк өкілдігіне пәтерлердің сертификатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Таразда жұмысшы жастарға арналған облыстық форум өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Осы бастаманы қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының өндіріс аумағында «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық форум өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Өңірде соңғы жылдары қыс айларында жылуға қатысты мәселе Кентау қаласында жиі көтеріліп келген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
eGov пен Aitu қызметтеріне нөлдік тарифтеу енгізіледі
Бүгін Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штаб отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісі қанша табыс әкелді
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасын пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Йемен астанасында Израиль әуе шабуылынан он адам қаза тапты
Израиль әскері бұл операцияны Қызыл теңіздегі шабуылдарға жауап ретінде түсіндіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Атырау облысында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлаған
Атырау облысында көпқабатты үйлердегі 286 пәтердің терезесіне толық ашылуды шектейтін арнайы тетік орнатылған, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 26 Тамыз, 2025
Қарағандыда дәрігерлер 1 жарым жастағы баланың ішінен 22 магнит алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Тамыз, 2025
Отбасы банктің пилоттық жобасы: Қосшыда 560 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізеді
Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Ақмола облысында ерекше пилоттық жоба іске қосылды. Ел тарихында алғаш рет тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа форматы «Отбасы банкінің» базасында жүзеге асырылуда. Бұл жүйенің алғашқы қадамы жас, қарқынды дамып келе жатқан қала – Косшыдан басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2025
Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа футбол стадионы салынады
Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа заманауи футбол стадионы салынады. Арена УЕФА-ның төртінші санат талаптарына толық сәйкес болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Тамыз, 2025
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 130 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Тамыз, 2025
Аягөзге келгенбіз. Діттеген жеріміз – Ақтоғай. Ол – 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі барып, іске қосқан еліміздегі белді кен орындарының бірі. Біздің мақсатымыз алда келе жатқан Кеншілер күні мен биылғы Жұмысшы мамандары жылы аясында көп жылдар кен өнеркәсібінде еңбек еткен Жексембаевтармен жолығып, әңгімелесу болатын.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Қазақстанға 770 келі есірткі алып кірмек болған екі шетел азаматы сотталды
Екі шетел азаматы 770 келі героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 25 Тамыз, 2025
Ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады
Синоптиктер 26 тамызда Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жариялады. Оңтүстікте, солтүстікте және батыста қатты аптап ыстық болады, қалған аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Есірткі • 25 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 азамат сотталды
Ұлытау облысында көкнәр тұқымын заңсыз сақтап, сатқан бес азамат ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды прокуратура.
Шымкент • 25 Тамыз, 2025
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитұлы Сәбитов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 25 Тамыз, 2025
Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.