Заң • 13 Қазан, 2025

Қызылордада ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингі жасалды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада «2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына» сәйкес «102» арнасы арқылы келіп түскен құқық бұзушылық туралы сигналдар бойынша ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлері бекітілді, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік рейтингі жасалды

Осыған байланысты "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Қызылорда полиция департаменті облыстың ойын-сауық орындарынан келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға талдау жүргізді. Олардың басым бөлігі «Мак», «Айбек», «Золотая рыбка», «Кипчачка», «Ергош», «Элегия», «Винни-Пух», «Форвест», «Дашосай» кафелері мен «Дубай», «The One» түнгі клубтарынан түскенін анықтаған. 

Жыл басынан бері «102» операторының пультіне 273 көңіл көтеру орындарынан 965 хабарлама түссе, 450 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 18 қылмыстық іс қозғалыпты.

Соңғы жаңалықтар