Соңғы жаңалықтар
Президент • 15 Тамыз, 2025
Президент жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазаламауға шақырды
Бүгін Президент Тамыз конференциясының пленарлық отырысында осы мәселені көтеріп, «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Білім саласы ЖИ арқылы жаңа деңгейге көтеріледі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық ұстаздар конференциясында білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс – Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы Тамыз конференциясының пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 15 Тамыз, 2025
Тоқаев білім беру процесіне цифрлық технологияларды жедел енгізуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарға арналған Тамыз конференциясында білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияны жылдамдату – жаһандық технологиялық дәуірге бейімделудің басты шарты екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: мұғалімдердің қатерлі құбылыстармен күрестегі орны бөлек
Бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде балалардың көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетінін, осы тұрғыда педагогтерге артылатын жүк қандай екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
«Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығы ұстаз мамандығын таңдаған
Бұл туралы бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Жас ұрпаққа еңбексіз игілік болмайтынын түсіндіру керек - Мемлекет басшысы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық ұстаздар конференциясында білім мен тәрбие мәселелеріне тоқталып, жас ұрпақты жан-жақты қалыптастыруда отбасы, мектеп және мемлекет арасындағы үйлесімнің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 15 Тамыз, 2025
Саяқ станциясында балка сынып, жұмысшылардың үстіне құлаған
Қарағанды облысындағы Саяқ станциясында автомобиль көпірін салу барысында төтенше жағдай орын алды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Білім саласында қателікке жол беруге болмайды - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық Тамыз конференциясына қатысты. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналған жиында озық тәжірибені меңгеріп, ел болмысына бейімдеудің маңыздылығын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
«Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады - Тоқаев
Бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шыққанын, билікте де «отбасылық жүйе» жоқ екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2025
Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы екі есе өсті - Президент
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы ұстаздардың Тамыз конференциясына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың Республикалық Тамыз конференциясына қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Тамыз, 2025
Қарағанды тұрғыны Toyota Carina автокөлігін үй ауласынан ұрлап кеткен
Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері автокөлік ұрлығына күдіктіні жедел ұстап, құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысында астық жинауға жеті мың комбаин қатысады
Сандықтау ауданының Максимовка ауылында 2025 жылғы егін жинау науқанына дайындық бойынша облыстық агрокеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Тамыз, 2025
Үкіметте егін жинау науқаны қарсаңында жедел штаб отырысы өтті
Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 15 Тамыз, 2025
Жастар кадр резервінің үшінші кезеңіне 683 кандидат өтті
Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында іріктеудің «Ситуациялық тапсырмаларды шешу» атты үшінші кезеңіне жолдама алған үміткерлердің тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 15 Тамыз, 2025
Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
Қазақ даласын әуенмен тербеткен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында дүниеге келген. Оның әндері елдің түкпір-түкпірінде жиі шырқалып, өнерсүйер жұртшылық арасында кеңінен тараған, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Тамыз, 2025
Астанада жасырын бес қоймадан 490 мыңнан астам вейп тәркіленді
Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордада электронды темекі (вейп), ароматизаторлар мен сұйықтықтардың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды. Тауар Telegram мессенджері және курьерлік жеткізу арқылы еліміздің барлық өңіріне таратылып келген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды
Ақмола облысында 2025 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 34 астық қабылдау орны дайындалды
Қостанай облысында 5,1 млн га алқапта ерте пісетін бидай, арпа, сұлы, жем-шөпті жинау басталған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Тамыз, 2025
Қарулы күштерде кадрлық өзгерістер орын алды
Мемлекет басшысының өкімімен екі кадрлық өзгеріс болды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Әзербайжан президенті күзде Қазақстанға келуі мүмкін
2025 жылдың қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Депутаттар маңызды нысандарды аралады
Депутаттар өңірдегі бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымның дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажына құлақ түріп, түйткілді мәселелерін бірлесе талқылады.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Адвокатура мен медиация жүйесін жетілдіру жолы
Адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық кепілдіктерді нығайту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мен халыққа заң көмегінің қолжетімділігін кеңейту – өзекті мәселе. Сенатор Евгений Больгерттің Республикалық адвокаттар алқасының өкілдерімен кездесуінде осы мәселелер әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ адвокатура институтын дамыту, адвокаттар қауымдастығы қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары талқыланды.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2025
Өткізу пункттеріндегі жұмысты тексерді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына арнайы келіп, Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын одан әрі дамыту мақсатында шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын зерделеді.
Қаржы • 15 Тамыз, 2025
Қайтарылған жер телімі 217 млн теңгеге сатылды
E-Qazyna электронды сауда платформасында қайтарылған активтердің бірі – Алматы облысындағы жер телімін сату бойынша өткен аукциондық сауда сәтімен аяқталды. Кезінде жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен жер телімінің лоты 217 млн теңгеге сатылды.
Саясат • 15 Тамыз, 2025
Үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты.
Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025
Елімізде кейінгі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіп жақсарып келеді. Алайда интернет алаяқтық пен есірткі қылмысы елдің есін алып, алаңдатып тұр. Бұл туралы прокуратура органдарының алғашқы жеті айдағы есебінде айтылды.
Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025
Қазір «пранк» жасау сәнге айналды. Мамандар мұның адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін екенін айтады. Өйткені «ойыннан от шығып» жататын кездер де жоқ емес. Ал бұл «ойын» да заңмен реттеліп, тәртіпке бағынатынын есте сақтаған жөн.
Өндіріс • 15 Тамыз, 2025
Қарағандыда HOWO жүк көлігі құрастырылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік құрастыру саласын дамыту қажеттігін үнемі назарда ұстап келеді. Үкімет бұл бағытқа жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Мысалы, күні бүгінге дейін автобус құрастырып келген Қарағандыда енді жүк көліктері де шығарылатын болды.