ат
Парламент • 02 Ақпан, 2024
Мәжілісте Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған жиын өтті
Бүгін Парламент Мәжілісінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың 90 жылдығына арналған жиын өтті. Тағылымды кездесуге елімізге еңбегі сіңген қайраткер-тұлғалар, Қаратай Тұрысұлымен үзеңгілес, әріптес болған азаматтар, аяулы жары мен жақындары, Сенат пен Мәжіліс депутаттары және Үкімет мүшелері қатысты.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президентке Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметі баяндалды
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Ақпан, 2024
Әлем кубогінің екінші кезеңі: Параспортшы қола жүлдегер атанды
Италияның Мартель қаласында пара шаңғы мен пара биатлоннан өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан спортшысы биатлоннан қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Қазақстан мен Қырғызстан су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы - Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді. Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 02 Ақпан, 2024
Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ол енді «Адана Демирспор» футбол клубында өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 01 Ақпан, 2024
Оқушылардың оқу сауаты төмендеп барады – М.Әшімбаев
Қазақстанда оқушылардың оқу сауаты төмендеп барады. Бұл жағдай жастардың білікті маман болып қалыптасуына айтарлықтай қауіп төндіреді. Мұндағы тиімді шешімнің бірі – көшбасшы елдердің тәжірибесін негізге ала отырып Ұлттық бағдарлама әзірлеу. Бүгін білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы заңды талқылау барысында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның халықаралық рейтинг жөніндегі сөйлеген сөзіне орай осындай пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгеріс енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Алматыдағы зілзала: үйлер қирап жатса кім жауап береді?
Отандық БАҚ өкілдері Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннен Алматыдағы сапасыз салынған үйлер келесі жер сілкінісіне төтеп бере алмаса, ғимараттардың опырылуына кім жауап беретінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
«Вандализм жиілеп кетті»: Сенатор креативті индустрия өкілдерін тартуды ұсынды
Былтыр 5 мыңнан астам тұрғынның абаттандыру ережесін бұзғандығы туралы дерек ұсынған сенатор Андрей Лукин депутаттық сауалында вандализмнің жиілеп кеткені туралы мәселе қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын! - Дархан Қыдырәлі
Парламент Сенатының депутаты елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйіне, кітапханалардың ескіргеніне алаңдаушылық білдірді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдаған сенатор Дархан Қыдырәлі ауыл жастары мен тұрғындары мәдени дискриминацияға ұшырамауы тиіс екенін де назарға алуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 01 Ақпан, 2024
GPT чатының отандық баламасын құруға дайындық басталды
Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty 2024 форумына қатысқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан азаматтарының GPT чат форматындағы байланыс арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алуға мүмкіндік туатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 01 Ақпан, 2024
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен «Digital Almaty 2024» басталды
Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Сондай-ақ Digital Almaty 2024 халықаралық форумы да басталады, оған ЕАЭО үкімет басшылары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Қазақстанда алғаш рет жаңа мереке тойланады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткен жылдың қазан айында кәсіби мерекелер тізіміне толықтыру енгізді. Тізімге жаңадан қосылған кәсіби мерекенің бірі - 1 ақпан азаматтық авиация қызметкерлері күні, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 31 Қаңтар, 2024
Сенат төрағасы АӨСШК бас хатшысымен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Ерболат Досаев әкім ретінде мінсіз емес екенін айтты
Бүгін Алматы қаласы, Алмалы ауданы халқымен кезекті кездесуінде Ерболат Досаев Алматы әкімі ретінде екі жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Атырауда покер ойынын заңсыз ұйымдастырғандар анықталды
Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар былтырғы мамырдан бері көлеңкелі кәсіптен табыс тауып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Даңқты батырлардың 100 жылдығы атап өтіледі
Осы жылы даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын жергілікті атқарушы органдармен және білім басқармасымен бірлесіп кеңінен атап өту қажет. Бұл туралы Абай облысы Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нығмет Ахметұлы ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Абай өңірлік әскери гарнизонына сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2024
Алматы-Ташкент тас жолында апат болып, 20 адам ауруханаға түсті
31 қаңтар күні таңертең Алматы-Ташкент-Термез тас жолының жабық бөлігінде ірі жол апаты болды. Автокөліктердің жиналуына байланысты жол қызметкерлері ілесіп жүретін көліктер колоннасын Тараз-Шымкент бағыты бойынша өткізуге шешім қабылдады, бірақ ауа райының қолайсыздығы ірі апатқа себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Қарызын жаппақ болған ер адам бүйрегін саудаға шығарды
Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адамның ағза мүшесін сатудың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Жамбыл облысында жол-көлік апатынан 19 адам зардап шекті
Күн райының күрт нашарлауы салдарынан Жуалы ауданында ірі жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 19 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Ойына келгенін істейтіндер көбейді – депутат
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев кейінгі уақытта заңды белден басып, ойына келгенін істейтіндер көбейіп кеткенін айтып, Премьер-министрге сауал жолдады. Депутат құқықбұзушылықтардың алдын алу дұрыс ұйымдастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Қаңтар, 2024
UFC құрамына тағы бір қазақ спортшысы қосылды
Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсым өнер көрсететін әлемдегі ең үздік промоушен UFC-мен аралас жекпе - жек шебері Бекзат Алмахан да келісімшартқа отырды, деп жазады Egemen.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді
Төтенше жағдайлар министрлігі өткен түні сағат 04:27-де Қазақстан аумағында 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Заңсыз ойын бизнесіне қатысты 4459 сайт бұғатталды
2023 жылы Туризм және спорт министрлігі құрған арнайы чат-боттарға заңсыз ойын бизнесіне күдікті орындарын көрсетіп 100 адам шағымданған. Министрлік азаматтардың лудоманияға қарсы бірлескен белсенді күресі еліміздегі осы мәселені шешуге мол үлес екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2024
Сенаторлар азаматтық заңнаманы дамыту мәселелерін талқылады
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: жағдайы және одан әрі дамыту жолдары» тақырыбы бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
«26 жыл іздеуде болған». Жәбірленушілерді атып, орманға көмген соңғы қылмыскер ұсталды
Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, деп жазады Egemen.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Туризм • 30 Қаңтар, 2024
«Зиярат туризмі»: Қазақстан-Өзбекстан арнайы жол картасын әзірледі
Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті аталған мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады. Құжатқа сәйкес, екі мемлекет арасында саяхатшылар ағынын ұлғайтуға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2024
Қазақтың белгілі ауыр атлеті Вячеслав Ершов көз жұмды
Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғаған атақты ауыр атлет Вячеслав Ершов 44 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қаңтар, 2024
Сенатта балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.