Оқиға • 11 Қараша, 2025

14 желтоқсаннан бастап Алматы мен Ташкент арасында «Тальго» күн сайын қатынайды. Билет құны қанша болады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 желтоқсаннан бастап Алматы мен Ташкент арасындағы халықаралық пойыз күнделікті қатынайды. Жаңа кесте арқылы күн сайын 400-ден астам жолаушы тасымалданады, ал билет бағасы санатына байланысты өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

14 желтоқсаннан бастап Алматы мен Ташкент арасында «Тальго» күн сайын қатынайды. Билет құны қанша болады?

Фото: Ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, Бағыт бойынша жолаушыларға жайлылығы жоғары «Тальго» пойыздары қызмет көрсетеді. Билет бағасы: отыратын орын – 10 167 теңге, купе – 20 711 теңге, люкс – 30 772 теңге.

«Күнделікті қатынау кестесі жолаушыларға сапарларын ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді. Жаңа кесте Алматы мен Ташкент арасындағы көлік қатынасын нығайтып, туристік ағынды дамытуға және екі ел арасындағы мәдени, іскерлік байланыстарды күшейтуге бағытталған», делінген хабарламада.

Алдағы қысқы маусымға байланысты кейбір бағыттарда пойыз қозғалысы кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Қозғалыс туралы толық ақпаратты онлайн-кестеден қарауға болады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35