Соңғы жаңалықтар
Тұлға • 17 Наурыз, 2026
Дәстүр мен тұлға: жыраулық жолдың сабақтастығы
Жыраулық өнер – уақытқа бағынбайтын, ұлттың жадын, рухын, болмысын арқалап өтетін киелі дәстүр. Сол дәстүрдің бүгінгі заманымыздағы еңселі өкілдерінің бірі, жыр әлемінің шын мәніндегі жанашыры – Алмас Алматов.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
«Ұлыстың тойы – ырыстың тойы» деп тегін айтылмаса керек. Жошы ұлысы шегінде бағамдасақ, ұлыс деген – үлкен мемлекет. Ішіне ірілі-уақты елдер, кіші халықтар кірігіп кеткен біртұтас құрылым. Кезінде бұл тұрғысында Мұхтар Мағауиннің жазғанын да білеміз. Түріктер осы мемлекет ұғымын «дәвләт» дейді. Біздіңше – дәулет.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Комиссия мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны қолдап халықтың 87,15 пайызы дауыс берді.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
Республикалық «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің игі шаралары туралы хабарлар кейінгі жылдары жиі естіліп жүр. Оның Солтүстік Қазақстанда өткізіліп жатқан шаралары да халықтың қызығушылығын тудырып, үнемі жұрттың аузында жүреді. Соның ішінде Наурызды жаңа форматта өткізуге арналған «Sen Bol Nauryz» іс-шарасының маңызы да зор.
Референдум • 17 Наурыз, 2026
Тәуелсіз байқаушылар: Елдік шара заңнама талабына сай
Республикалық референдумның дауыс беру үдерісін бақылау қорытындылары бойынша «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы алдын ала есебін жариялап, Алматыда брифинг өткізді. Байқаушылардың мәліметінше, дауыс беру рәсімдерінің негізгі бөлігі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Толағай тауы етегіндегі ел ішінде берекесі мен бірлігі жарасқан Кемел әулеті жарастықты ғұмыр кешіп жатыр. Арғы аталары Кемел – атадан қалған жалғыз тұяқ. Сол жалғыздан бүгінде бір ауыл ел тарады. Тегінде тектілік, қанында қайсарлық бар Тыныштық ананың алтын құрсағынан өрбіген ұлағатты ұрпағы аналарын алақандарына салып отыр.
Мереке • 17 Наурыз, 2026
Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан «Наурыз балы» өтті. Мерекелік іс-шараға Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысты.
Спорт • 17 Наурыз, 2026
* Ұлттық құрама көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Италия астанасы – Рим қаласында каратеден өткен премьер-лига жарысының финалында британдық Рошель Уолтерсті 2-1 есебімен ұтты.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және Атбасар аудандарындағы тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Ертіс-Баян өңірінде өткен аптада бірнеше тәулікке ұласқан ақтүтек боранның салдарынан 300-ге жуық мал қырылды. Көптеген елді мекенге айтарлықтай материалдық шығын келді. Екі қала мен екі аудан табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға мәжбүр болды.
Басылым • 17 Наурыз, 2026
Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады
Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет саналатын Қазақстанда азаматтар жаңа Конституция жобасын қолдау немесе қабылдамау мәселесі бойынша дауыс берді.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2026
Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Партия • 17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумның сәтті өтуіне орай Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтті. Депутаттар дауыс беру нәтижесі азаматтардың тарихи таңдауына айналғанын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына деген қоғамның жан-жақты қолдауын растағанын атап өтті. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс режімі арқылы өңірлік мәслихаттардағы партия фракциялары да қатысты.
Ата заң • 17 Наурыз, 2026
Қарағанды облыстық зағип жандарға арналған арнайы кітапхана екі тілде – «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы» және «Проект новой Конституции Республики Казахстан» атты бедерлі-нүктелі қаріппен басылған арнайы басылымды жарыққа шығарды.
Құқық • 17 Наурыз, 2026
Жұмыскер құқын қорғайтын құжат
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен бюро отырысында депутаттар 19 наурыздағы Сенат отырысының күн тәртібін айқындап, Палатаның іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Digital • 17 Наурыз, 2026
Цифрлық кітапхана: 64 тілде 85 мың құжат сақталған
Жыл басынан бері Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын пайдаланушылар саны 227 446 оқырманға жетті. Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар саны 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралған.
Теннис • 17 Наурыз, 2026
Қарсыласымыз – Канада құрамасы
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сынында еліміздің әйелдер құрамасы Астанада Канада теннисшілерін қабылдайды. Бәсекелер 10-11 сәуірде өтеді.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Кешеден бері моңғолиялық баспасөз құралдары ұшақта ауыр жүрек талмасына ұшыраған әйелді ажалдан құтқарып қалған дәрігер туралы жарыса жазып жатыр.
Пікір • 17 Наурыз, 2026
Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Тағзым • 17 Наурыз, 2026
Алаш арыстарын ардақтаған жиын
Астанадағы Ұлттық музейде Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханның –160, Әлімхан Ермекұлының –135, Қошке Кемеңгерұлының 130 жылдық мерейтойына орай «Алаш арыстары» атты танымдық дөңгелек үстел өтті.
Наурызнама • 17 Наурыз, 2026
Елордадағы Ататүрік саябағында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала қонақтары қатысты.
Футбол • 16 Наурыз, 2026
«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді
Алматыда өткен Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы екінші турындағы орталық матчта «Қайрат» «Ақтөбе» командасын өз алаңында 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2026
Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Ақтөбе облысындағы бірқатар республикалық маңызы бар тасжол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 16 Наурыз, 2026
Түркия Қазақстандағы конституциялық референдумды құптады
Түркия билігі 15 наурызда Қазақстанда өткен жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты пікір білдіріп, дауыс берудің бейбіт әрі тыныш жағдайда өткенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 16 Наурыз, 2026
Қытай Сыртқы істер министрлігі Қазақстанды жаңа Конституция бойынша өткен референдуммен құттықтады
Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумды сәтті өткен маңызды саяси оқиға ретінде бағалап, елді құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Наурыз, 2026
Жаңбыр және тұман: 17 наурызда елімізде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстан бойынша 17 наурыздағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 16 Наурыз, 2026
Қазақстанда «Наурыз» ипотекасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады
Қазақстанда 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 16 Наурыз, 2026
«AMANAT»: Референдум ұлтымызды ұйыстырды
Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумның сәтті өтуіне орай Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны өтті. Депутаттар дауыс беру нәтижесі азаматтардың тарихи таңдауына айналғанын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына деген қоғамның кең қолдауын растағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Наурыз, 2026
Астанадан Семейге қатынайтын пойыздарға жаңа вагондар қосылады
17 наурыздан бастап Астанадағы «Нұрлы Жол» стансасынан Семейге қатынайтын пойыз құрамына жаңа буындағы вагондар қосылады. Жаңартылған вагондар жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы сапар жағдайын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.