Ай
Өнер • 25 Шілде, 2025
Димаш Құдайберген Нью-Йоркте концерт береді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында жеке концерт береді. Ауқымды музыкалық шоу 2025 жылғы 5 қазанда әлемге әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Шілде, 2025
18 жастағы маман айына 500 мың теңге табады
Кәсіптік білім алып, еңбек нарығына ерте араласқан жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Астанадағы кәсіптік техникалық колледждің биылғы түлегі Кирилл Савельев қаладағы белгілі асханалардың бірінде шеф-кондитер болып жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Ән • 25 Шілде, 2025
Әйгерім Алтынбек халықаралық опера байқауының финалына өтті
Ол XI Халықаралық опера әншілеріне арналған Портофино байқауында финалға өтті. Аталған байқау 22-27 шілде аралығында Италияда өтіп жатыр. Әйгерім Алтынбек әлемнің 50-ге жуық елінен келген 92 қатысушыны басып озып, классикалық вокал өнерінде еліміздің орнын айшықтап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
«Auyl sport – 2024» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды
Қырғызстанда 2008–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен халықаралық волейбол турнирінде Қазақстанның атынан қатысқан ауылдық командалар ел намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Бұл жеңіс - «AUYL SPORT» жобасының жемісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Шілде, 2025
Биыл елімізде төрт арнайы білім беру ұйымы ашылған
Осылайша Қазақстандағы арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жеткен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Шілде, 2025
Аптап ыстық, найзағай: 19 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК ертең, 25 шілдеде Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ 17 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Шілде, 2025
Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатынын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 24 Шілде, 2025
Қостанай облысында тұрғын үйдің ауласынан қару мен есірткі табылды
Қостанай облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бейімбет Майлин ауданы полиция бөлімі бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 24 Шілде, 2025
Ресей қазақстандық мұнай экспортына уақытша шектеу қойды
Қара теңіз арқылы қазақстандық мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийск портына жеткізіліп жүрген шикізат экспортын Ресей жағы уақытша тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2025
Жаңа жүйенің жаңалығы: айып тұрағының әр күні ақылы болуы мүмкін
Енді айып тұрағына түскен көлік үшін жүргізуші әр тәулікке ақы төлеуі мүмкін. Бұған дейін айып тұрағындағы көлікті шығару үшін тиісті айыппұлды төлеу жеткілікті еді. Көлік ұзақ тұрып қалса да, оған қосымша ақы есептелмейтін. Бұл жағдайды өз пайдасына шешіп, айып тұрағын тегін тұрақ ретінде пайдаланып келгендердің қарасы да көбейген. Жол ережесін бұзып, көлігін заңсыз жерде қалдырған азаматтар үшін бұл әділетті жаза болып көрінгенімен, мәселенің екінші жағы бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Шілде, 2025
90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балалардың білім деңгейін теңестіру мақсатында елімізде қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Қазақстанда қатарынан екінші жыл қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Шілде, 2025
Қостанай облысында 37 ауылға су құбыры тартылады
Қостанай облысы тұрғындарының 90%-дан астамы таза ауыз су тұтынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Шілде, 2025
Қазақстандық компаниялар Қытайдан жаңа инвесторлар мен серіктестер тауып қайтты
Тарихы 2002 жылдан басталатын «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) туралы сөз болғанда, көп жағдайда тауар айналымы ғана сөз болады. Ал оның отандық өндіріс пен қызметті дамытуға қажетті сыртқы инвестицияны тартудағы әлеуетін кім қалай пайдаланып жатқаны назардын тыс қалып жатады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2025
Қытай азаматтары үшін Үндістанның есігі қайта ашылды
2025 жылдың 24 шілдесінен бастап Үндістан Қытай азаматтарына туристік визалар беруді қайта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Тайфун - Тынық мұхитының батыс бөлігінде пайда болатын тропикалық циклон. Олар апатты жел, нөсер жаңбыр және теңіздегі биік толқындармен (цунамиға ұқсас дауыл толқындары) ерекшеленеді. Тарихта миллиондаған адамның өмірін қиған және қалаларды қиратып кеткен ірі тайфундар бар. Әлемде табиғи апаттар жиілеген тұста адамзат тарихында асқан зардаппен есте қалған тайфундар топтамасын әзірледік, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Шілде, 2025
Алдағы үш күнде аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК 24, 25 және 26 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Қостанайлық кəсіпорындар 1,5 трлн теңгенің өнімін өндірді
Қостанай облысының өнеркәсіп саласындағы табыс көлемі 54,3%-ға артты. Өңірдің өңдеу өнеркəсібіндегі өсім машина жасау көлемнің ұлғаюымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Шілде, 2025
Кәсіпкерді өлтіріп, мүлкін иеленген күдікті елге жеткізілді
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің көмегімен аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру мен қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Әзербайжаннан экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Айгүл Забирова: Еңбек ескерусіз қалмауы тиіс
Қазақ қоғамында әділеттілік – жай ұран емес, өмірлік маңызға ие ұстаным. Адамдардың мемлекетке және бір-біріне сенімі осы құндылықпен өлшенеді. Әділ еңбек, тең мүмкіндік, жалпыға ортақ құқық – мұның бәрі әділетті қоғамның тірегі. Осы ұғымның бүгінгі қоғамда қалай қабылданып жатқанын, әлеуметтік құрылым өзгерген сайын әділет туралы түсінігіміздің де қалай түрленіп жатқанын әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова сараптап жазады.
Спорт • 23 Шілде, 2025
Әртістік жүзуден ел құрамасы финалға бір қадам жетпей қалды
11 шілде Сингапурда басталған су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігіндегі әртістік жүзуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Алматыдағы Есентай өзенінің бойына жаңа саябақтар салынады
Алматы қаласының әкімдігі еліміздегі жетекші құрылыс компанияларының бірі – BI Group компаниясымен бірлесіп, Есентай өзенінің бойын абаттандыру бойынша ауқымды жобаны қолға алды. Бұл бастама бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асады. Келісімге сәйкес, BI Group компаниясы өз қаржысы есебінен 11 миллиард теңгеден астам инвестиция салып, әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі 7,2 шақырымдық аумақты толықтай жаңғыртады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Шілде, 2025
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков тағайындалды, ол агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалану салаларына жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Шілде, 2025
Алматылық дизайнер жасаған киіз үй халықаралық байқауда үздік атанды
Биыл Design Educates Awards 2025 халықаралық сыйлығының «Architectural Design» аталымында замануи үлгіде жасалған қазақтың киіз үйі ерекше жұмыстардың қатарында аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасын үйқамаққа ауыстыруды ұсынды
Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші Садық Олжас мәлімдеме жасап, айыпталушыға Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету үшін 83 миллион теңге бергенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Шілде, 2025
Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 23 Шілде, 2025
Қытай сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап жатыр
Аспан асты елінің астанасы Бейжіңде CRRC компаниясы MODERN RAILWAYS 2025 көрмесінде 600 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүретін маглев пойызын көпшіліктің назарына ұсынды. Сөйтіп, болашақтағы жоғары жылдамдықты тасымалдарға инновациялық шешімдерді көрсетіп, таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Шілде, 2025
Полиция Қытайдан оралған азаматпен профилактикалық әңгіме өткізді
Полиция қызметкерлері жақында Қытай Халық Республикасынан оралған қазақстандық азаматпен алдын алу және түсіндіру бағытындағы әңгіме жүргізді. Бұл шара әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бейнероликтерге байланысты қолға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Шілде, 2025
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Бекзат Жүсіп тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2025
Қытайда жұмысқа барғысы келмейтіндерге арналған клиника ашылды
Қытайда жұмыспен байланысты мазасыздық пен күйзелісті емдеуге бағытталған ерекше «Жұмысқа барғысы келмейтіндер» клиникасы ашылды. Бұл бастама бұған дейін іске қосылған «Мектепке барғысы келмейтіндер» клиникасының жалғасы, деп хабарлайды Egemen.kz.