е
Күрес • 09 Ақпан, 2026
Grand slam турнирінде Қазақстан дзюдошылары үш жүлде еншіледі
Францияның бас шаһары Парижде мәресіне жеткен жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турнирінде 78 елден келген 488 дзюдошы белдесті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Ақпан, 2026
Таеквондодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
Түркістанда таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде ел үздіктері анықталып, 2026 жылғы спорт маусымына Қазақстан жастар құрамасы жасақталды. Жарысқа Астана, Алматы және Шымкент қаласы мен еліміздің 17 облысынан 709 жас таеквондошы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 09 Ақпан, 2026
Елорда мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды
Жаңа бағытты іске қосу туралы шешім депутаттардың бастамасымен және ел азаматтарының өтініштері негізінде қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Ақпан, 2026
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау – прокуратура қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі. Осы бағытта Орал қаласында жүйелі жұмыс жүргізіліп, нақты нәтижеге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Ақпан, 2026
Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурордың бұйрығымен 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 09 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт түрлерінен Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан ақ Олимпиаданың жарыс жолына бүгін 5 отандасымыз шығады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Ақпан, 2026
Бангладеште нипах вирусын жұқтырған әйел көз жұмды
Бангладештің солтүстігінде тұратын әйел адам 21 қаңтарда аурудың алғашқы белгілерін сезініп, 1 аптадан кейін қайтыс болған. Оның вирус жұқтырғаны келесі күні расталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды
Ақтөбе облысының Байғанин және Мәртөк аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды, сондай-ақ Хромтау ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімшесі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімде Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құтқарушыларға жаңа көлік құралдарының кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі қызметін атқарған Елнұр Бейсенбаевты жаңа лауазымға тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2026
Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Инвесторлық жобаны жүзеге асыруға «Жаңа Іле» аумағынан 100 га жер бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Құрылыс биыл басталады деп жоспарланған. Бұл туралы қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Ақпан, 2026
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері анасының құрсағына біткеніне 27 апта толғанда дүниеге келіп қойған қыз баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Ақпан, 2026
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңіл атлетика • 07 Ақпан, 2026
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 07 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 07 Ақпан, 2026
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев маңызды бастама көтерді. Аймақ басшысы экология саласындағы жауапкершілікті күшейтіп, қоршаған ортаны қорғау нормаларын Ата Заң деңгейінде бекіту қажеттігіне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Несие • 07 Ақпан, 2026
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда халыққа берілген несие көлемі 19,8%-ға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Ақпан, 2026
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Құқық қорғау органдары тергеу барысында күдікті тұлғалардың анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 07 Ақпан, 2026
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
«Қасапшы» деген бүркеншік есіммен танылған Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Виктор Теміров бүгін Германияның Бад-Херфельдінде өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2026
125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді
Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында 21 азаматқа 125 млн теңгеден астам залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Ақпан, 2026
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Ташкентте дзюдодан Гранд-Слэм турнирінің жалауы желбірейді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 06 Ақпан, 2026
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Алматы облысында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхана әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Ақпан, 2026
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Ұлттық валюта – теңгеміз жыл басынан бері ешкімді өкпелетіп жатқан жоқ. Бүгінгі сауда-саттықта Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы 0,13 теңгеге төмендеп, 494,63 теңгені құрады. Дәл осы мән Ұлттық банктің 7, 8 және 9 ақпандағы ресми бағамы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 06 Ақпан, 2026
Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды
5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond Horizon» атты ауқымды премьерасының алғашқы эпизодын тамашалау үшін бас қосты. Жобаның бастамашысы әрі орындаушы продюсері – Димаштың өзі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 06 Ақпан, 2026
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Ақпан, 2026
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 06 Ақпан, 2026
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Ата заң – жарқын өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
2026 жылғы қаңтарда Қазақстанның екінші нарығындағы тұрғын үй бағасы қалалардың басым бөлігінде өсті. Астанада орташа баға тарихи межеден асып, бір шаршы метр үшін 600 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 06 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
Астана қаласында «SARAP» эксперттік клубының «Өзгерістер кезеңіндегі отбасы: әлеуметтік трансформацияға Конституция тұрғысынан жауап» атты отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.