абай
Президент • 12 Наурыз, 2024
Президент Жұмабай Шаштайұлының жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2024
Жазушы Жұмабай Шаштайұлы дүниеден өтті
Белгілі жазушы, бірқатар басылымда бас редактор қызметін атқарған журналист Жұмабай Шаштайұлы 73 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Наурыз, 2024
Президент Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай облысының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 23 Ақпан, 2024
Полицейлер шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты
Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты. 22 ақпанда сағат 01:24-те «103» арнасының операторынан Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адамның көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2024
Абай облысында құрылған жаңа ауданның әкімі тағайындалды
Президент әкімшілігі және Жаңасемей аудандық мәслихаттарының келісіміне сәйкес, Абай облысы әкімінің өкімімен бұған дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Базарбаев Жаңасемей ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Боранда жолда қалғандар құтқарылды
Абай облысының Жарма және Көкпекті аудандарының аралығындағы әйгілі Байбура асуында 100 шамалы көлік ауа райының қолайсыздығынан жолда қалғанын Egemen.kz бұған дейін де хабарлаған еді.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Абай облысында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, облыстың бір өңірінде табиғи төтенше жағдай режимі енгізілді. Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады
Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысындағы күрделі жағдай: Қалбатау ауылына 29 адам эвакуацияланды
Абай облысы ТЖД құтқарушылары «Қазавтожол» қызметкерлерімен бірлесіп Көкпекті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Онда 100-ден астам автомобиль бағанасы тұр. Құтқару жұмыстарын жүргізу орнына қосымша 61 адам және 23 техника жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 16 Ақпан, 2024
Даналық һәм диалектика: Белгілі философ Жабайхан Әбділдин 91 жасқа толды
Еліміздегі диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, мемлекет қайраткері, мемлекеттік, халықаралық марапаттардың иегері, Ш.Уәлиханов сыйлығының тұңғыш лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры, бүгін 91 жасқа келіп отырған Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің отандық ғылымға қосқан үлесі өлшеусіз. Былтыр торқалы 90 жас мерейтойының қарсаңында ғалым ағамыздың 25 томдық шығармалар жинағының соңғы бес томы жарық көрген еді.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының Көкпекті ауданында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Осыған байланысты 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Ақпан, 2024
Семейдегі ірі базарда өрт шықты
Семей қаласындағы ең ірі киім базарында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
«Қоян аулап, қолға түсті»: Браконьерлерге қарсы іс-шара өтіп жатыр
Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Абай облысында 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бұл, әрине, бір аптаның нәтижесі емес. Абай облысында көшені белгіленбеген жерлерден өткені үшін 250-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 24 Қаңтар, 2024
Шоқан Уәлиханов: Қазақ халқы – ең бір бейбіт халықтардың бірі
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Шоқан Уәлиханов, Абай ойларын ұсындық.
Театр • 17 Қаңтар, 2024
Театр ұжымына бес тұлпар мінгізді
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Екпін аулында 150 адамдық жаңа мәдени нысан бой көтеріп, жергілікті тұрғындардың қолданысына берілді, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Әдебиет • 08 Қаңтар, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылдау басталды
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына байқау жарияланды. Өтініштер мен жұмыстар 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2024
Абай облысында бензин цистернасы өртенді
Абай облысында бензин цистернасы өртенді. Өрт сөндірушілер мен полицейлер бензин цистернасының жарылу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Астанадан Бурабайға жаңажылдық арнайы пойыз қатынайды
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы іске қосылды. Бұл – Туризм және спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Бурабайда сегіз көлік бір-біріне соқтығысты
Ақмола облысындағы Бурабай курорт аумағында сегіз көлік бір-біріне соқтығысып ірі жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2023
Қатты желден жүк көлігі аударылып қалды
Абай облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан Омбы – Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болғанын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023
«Хабар» телеарнасына жаңа директор тағайындалды
Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Балтабайұлы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Хабар Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
Абай облысында төрт баласынан айырылған отбасыға қандай көмек көрсетіліп жатыр?
Облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Аягөз ауылында өрт кезінде қаза тапқан балалардың ата-анасына қандай көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қараша, 2023
Семейдегі екі кәсіпорында өрт шықты
Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше Семейде екі кәсіпорын аумағында өрт болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қараша, 2023
Абай облысының дәрігерлері қызылшаға қарсы вакция алуға шақырды
Абай облысы бойынша қызылшаның зертханалық расталған 75 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Семей қаласында - 44, Аягөз ауданында - 12, Үржар ауданында - 11 және Жарма ауданында - 8 факті анықталған. Бұл туралы Абай өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
Зағип жандарға арналған құрылғы жасап шығарылды
Абай облысына қарасты Аягөз ауданы мұғалімдері зағип жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Электрондық жетекші» деп аталатын құрылғы ойлап тапты, деп жазады Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Биыл «Бурабай» ұлттық саябағына келушілер саны 600 мыңнан асты
ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев «Бурабай» ұлттық саябағы мен «Бурабай Даму» кәсіпорнынының жыл бойы атқарған мәселелерін қорытындылап, алдағы орта мерзімді жоспар туралы айтты, деп жазады Egemen.kz Президент Іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Қараша, 2023
Абай облысында АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтеді
«Абай облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ бастамасы бойынша облыстың Қоғамдық кеңесі референдум өткізілгенге дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Қараша, 2023
Абай облысында 14 адамның өліміне себеп болған өрттің мән-жайы айтылды
Бас прокуратурамен Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, 27 қазанда іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қараша, 2023
Абай облысы бойынша сайланған әкімдер белгілі болды
Абай облысына қарасты Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдері сайлауының қорытындысы мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.