ас
Қазақстан • 16 Ақпан, 2024
Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам қандас елге оралды
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралды, деп жазады Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
«Сіздің күлкіңіз әдемі». Полицейлер жол апатының алдын алатын ерекше тәсіл қолданды (видео)
Түркістан облысы Ордабасы ауданының полицейлері жол апатының алдын алу, жол жүру қағидатын сақтау мақсатында ерекше акция өткізді. Полицейлер қолданған бұл тәсіл жергілікті тұрғындарды таң қалдырды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
ҚТЖ проблемаларын шешу үшін жеке инвестиция тарту керек - Сенат Төрағасы
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында нарыққа жеке компанияларды тарту қажеттігі туралы ойын айтты. Мұндай ұсыныс сенаторлардың «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметі туралы депутаттық сауалына Көлік министрі Марат Қарабаевтың берген жауабына байланысты айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
11 облыс аумағында 17 жол бөлігі жабық
Бүгінгі сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райы қолайсыздығынан 11 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Әлем • 15 Ақпан, 2024
Қатармен келісімге қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
14 облыста республикалық маңызы бар жолдың 36 учаскесі жабық
15 ақпандағы ауа райы қолайсыздығына байланысты 14 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Ақпан, 2024
Астана полицейлері такси жүргізушілерін тексереді
Астана қалалық полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында такси жүргізушілерін тексеруді бастады. Іс-шара 5-29 ақпан аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатар Әмірімен келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің пара алу дерегі бойынша ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
«Қандас» мәртебесін беру жандана түседі
Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «қандас» мәртебесін беру жетілдірілетіні айтылды. Түзетулерді екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар «қандас» мәртебесін беру тәртібін жетілдіруге бағытталған жаңа норма әзірледі, деп жазады Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 14 Ақпан, 2024
Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасына қалай дайындалып жатқанын айтты
Төрт жылдықтың басты бәсекесі Париж Олимпиадасына 5 айдан аса уақыт қалды. Бұған дейін дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған спортшылар дайындығын пысықтап, қызу жаттығу жасап жатыр. Әзірге, бокстан Парижге жолдама ерлер арасында +92 кг салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаевтың қолында ғана бар. Ол Олимпиада жолдамасын былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жеңіп алған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
Астанада мекеме ақшасын казиноға жұмсаған бухгалтер сотталды
Астана қаласының прокуратурасы мекеме иелерін алдап, ақшасын құмар ойындарға салған алаяқ бухгалтерді анықтап, жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Ақпан, 2024
Қазақстанда Саха республикасының мәдени күндері өтеді
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Ақпан, 2024
Стратегиялық жоспарлау мәселесі талқыланды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Клуб аясындағы биылғы алғашқы кездесу жаһандық үрдістерді ескере отырып, Қазақстанның стратегиялық жоспарлау мәселелеріне арналды. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов қатысты, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Мешіттерде ұрлық жасаған алматылық ұсталды
Полиция қызметкерлері Алмалы ауданындағы мешіттерде тіркелген төрт ұрлықтың бетін ашып, күдіктіні қолға түсірді. Алматы облысының 40 жастағы тұрғыны заңсыз әрекетін жүзеге асыру барысында бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 13 Ақпан, 2024
Астанада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып түсті
«Қазгидромет» синоптиктерінің ақпараты бойынша, елордада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам қар түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Қазақстанның бес облысында бірнеше жол учаскесі жабылды
13 ақпан сағат 10.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol-ға сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Ақпан, 2024
ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Тараз қаласында жүргізуші куәлігін сату фактілеріне қатысты ресми түсіндірме
Тараз қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның қауіпсіздік қызметі тексеру іс-шаралары барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Әкім орынбасары мас күйінде көлік жүргізген
Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Заңды бұзған шенеунік 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаланады
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасау фактілері бойынша айып тағылған тарапты жауапкершілікке тартуды қатаңдату керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдетуді тапсырды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған: Алматыда қару жасырылған 3 орын табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысында қару жасырылған 3 орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Ақпан, 2024
Президентке Павлодар облысының әлеуметтік дамуы туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады. Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 11 Ақпан, 2024
Ғылымға қызығатын қыздарға үлгі болар тұлғаларды насихаттау маңызды – министр
Бүгін - Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Атаулы күнге орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтауында ғылым саласындағы әйелдер қауымының еңбегін насихаттауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Ақпан, 2024
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары анықталды
Қазақсандағы Британ Кеңесі (British Council) Study UK Alumni Awards 2023-24 байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Марапаттау рәсіміне Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаздар кубок пен кәсіби дамулары үшін £2,000 көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды.
Оқиға • 10 Ақпан, 2024
Екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды
Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақаттанған, деп жазады Egemen.kz.