ас
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
БҚО әкімінің орынбасары тағайындалды
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Мирас Мүлкәй тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Шілде, 2025
Отандық колледждер интернационалдандырылып жатыр
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізуге бағытталған 10 негізгі халықаралық бастама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Шілде, 2025
Премьер-министр жапон губернаторымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ гуманитарлық бастамалар мен жаһандық қауіпсіздікті нығайту жолында бірлесе күш жұмылдыру жайын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасы • 16 Шілде, 2025
Бас жүлде Бектасовтар әулетіне бұйырды
Жамбыл облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңі мәресіне жетті. Облыстық байқаудың қорытынды кезеңіне қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев жүлдегер отбасыларды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Шілде, 2025
Қазақстан экспорттайтын астық көлемі артқан
Елімізден экспортталатын астық көлемі 58,4%-ға артқан. Бұл оң көрсеткіш қазақстандық астықтың сыртқы нарықта жоғарғы сұранысқа ие екенін аңғартып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
ҚХА-ны дамыту жобасы талқыланды
15 шілдеде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е.Кочетовтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге жауапты жұмыс топтарының жетекшілерімен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Шілде, 2025
Мәдениет комитетіне жаңа төраға тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Ерлан Ерғазыұлы Дакенов Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Шілде, 2025
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр
Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Шілде, 2025
Астана алдағы 10 жылда қалай өзгереді?
Астанада қала әкімі Жеңіс Қасымбектің, Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың, өңірлік әкімдіктер мен урбанистика саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар-кездесу өтті. Жиында елорданың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері сараланып, 2035 жылға дейінгі негізгі даму бағыттары белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
Әйелін көпқабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген ер адам сотталды
Әзербайжанның Сумғайыт апелляциялық сотында өз жұбайын өлтірді деп айыпталған Гусейн Кязымовқа қатысты үкімге шағым беру ісі бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Шілде, 2025
Астанада балалардың терезеден құлап кету оқиғалары әлі де азаймай тұр
Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы басшысының міндетін атқарушы Жанат Камерденов айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
ReConsult жобасы іске қосылды. Осының аясында Respublica партиясы мен Қазақстан заңгерлер одағы азаматтарға қолдау көрсетуді күшейткелі отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
«Ansar Gold» қаржы пирамидасының мүшелері құрықталды
Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша Шымкентте «Ansar Gold» деп аталатын қаржы пирамидасы анықталды. Күдіктілер зергерлік компания ретінде өз әрекеттерін жасырып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Өңірлік саясат жөніндегі жобалық кеңсе құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күрес • 15 Шілде, 2025
Қазақ балуандары Азия бәсекесінде 12 медаль алды
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен 20-ға дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ балуандары 12 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Үкімет Президент тапсырмаларына қатысты жария есеп берді
Президенттің тапсырмаларын орындау аясында Үкімет елдің транзиттік әлеуетін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл – Қазақстанның Шығыс пен Батыс, сондай-ақ Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы негізгі логистикалық хаб ретіндегі мәртебесін бекемдеуге бағытталған стратегиялық маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 15 Шілде, 2025
Еліміздегі шағын бизнестің үлесі 32%-ға жетті
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз брифингінде ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов журналистердің сауалдарына жауап берді. Сауалдың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта бизнестің экономикадағы үлесін 2029 жылға дейін 15%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасына қатысты қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Үкімет басшылығы журналистердің сұрақтарына жауап берді
Үкімет отырысынан соң Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған вице-премьерлер тобы арнайы брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сондай сұрақтардың бірі – «Банктердің экономикаға қаржы салуы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?» деген сұрақты БАҚ өкілі Серік Жұманғаринге қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Жол құрылысы мен сапасы үнемі назарда - Олжас Бектенов
Бүгін Үкімет отырысынан кейін премьер-министр Олжас Бектенов баспасөз жиынына қатысып БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп жатыр. Жиында журналистер Үкімет басшысынан жол құрылысы мен сапасы туралы сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 15 Шілде, 2025
Қайтарылған активтер есебінен 400-ден астам әлеуметтік жоба қаржыландырылды
Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және осы қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Шілде, 2025
Бақытбек Сыдықов лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Шілде, 2025
Comic Con Astana фестиваліне келген қонақтар саны рекорд орнатты
9-13 шілде күндері Астанада өткен Comic Con Astana-2025 фестиваліне 36 елден 10 мыңнан астам шетелдік қонақтар келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Франция, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Тайланд, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия, Молдова, Оман және тағы басқа елдер бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Президент Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 14 Шілде, 2025
Енді еңбек кітапшасы қажет болмайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек кітапшасы енді міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 14 Шілде, 2025
1,5 млн-нан астам қазақстандық киберспортпен айналысады
Премьер-министр Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы, доктор Рене Фазелмен және ұйымның бас директоры Нис Хаттпен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Шілде, 2025
Қазақстандық оқушылар IChO-2025 олимпиадасында топ жарды
Қазақстандық оқушылар тағы бір мәрте әлемдік білім аренасында оза шауып, еліміздің мәртебесін асқақтатты. 5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) Қазақстан ұлттық құрамасының барлық мүшесі жүлдегер атанды. Олардың екеуі – алтын медаль иегерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Атырауда бассейндегі хлордан 14 адам уланды
Бассейндегі суға түскен 14 адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 12 Шілде, 2025
Смағұл Садуақасұлы: Ауылды дамыту тұжырымы
Биыл өмірі мен қайраткерлігі айрықша Алаш тұлғасы, 33 жылдық ғұмырында ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек еткен біртуар азамат Смағұл Садуақасұлының туғанына – 125 жыл. Осыған орай елордада бірлесіп өткізген ғылыми конференциямызға Президентіміз арнайы құттықтау жолдап, тұғырлы тұлға есімі мен мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын айтқаны бәрімізді жігерлендірді.