Әлем • 05 Қараша, 2025

34 жастағы мұсылман жігіт Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорк қаласының жаңа әкімін сайлау америкалықтар үшін ұлттық деңгейде назар аудартқан оқиғаның бірі болды. Көп күткен сайлаудың қорытындысы бойынша, ABC News арнасының дауыс беру нәтижелеріне жасаған талдауына сәйкес, 34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани қаланың келесі әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.

34 жастағы мұсылман жігіт Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланды

Бастапқыда штат ассамблеясы мүшесінің қарапайым бастамасы ретінде басталған бұл науқан қысқа уақыт ішінде тарихи жеңістерге ұласты. Мамдани тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан бұрынғы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомоны бастапқы сайлауда және негізгі сайлауда да жеңіп шықты.
Сейсенбі күні кешкі сағат 9:00-де сайлау учаскелері жабылды. Бұл сайлау қала тарихындағы ең жоғары дауыс беру белсенділігімен ерекшеленді. 2 миллионнан астам тұрғын дауыс беріп үлгергенін жазады әлемдік БАҚ.
Зохран Кваме Мамдани (Zohran Kwame Mamdani) 1991 жылдың 18 қазанында туған. Демократиялық партия мен Америка Демократиялық Социалистерінің мүшесі. 2021 жылдан бері Нью-Йорк штаты Ассамблеясының 36-шы округінен, яғни Куинс ауданының Астория бөлігінен сайланған депутат болып қызмет етіп келген.

Қаланың жаңа мэрі Угандада үнді отбасында дүниеге келген. Оның анасы атақты кинорежиссер Мира Наир, әкесі үндістандық Уганда академигі Махмуд Мамдани. Зохран Мамдани 7 жасында Нью-Йоркке Оңтүстік Африкадан қоныс аударған. Ал АҚШ азаматтығын 2018 жылы алған. 

Мамданидің саяси мансабы 2020 жылы Нью-Йорк штатының ассамблеясына сайланған тұстан басталған. Ол 2024 жылы Демократиялық партиядан 56,4 пайыз дауыспен праймеризді жеңіп, мэрлікке кандидат ретінде енген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50