үкім
Экономика • 19 Наурыз, 2024
Жаңа Салық кодексі бәріне түсінікті болуы керек - Олжас Бектенов
Үкімет отырысында Олжас Бектенов Жаңа Салық кодексін дайындау ісі созылып бара жатқанын ескертіп, заңнаманың баршаға түсінікті болуын қадағалауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Наурыз, 2024
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов бұрынғы қызметінен босатылып, қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Наурыз, 2024
Алматыда 7 жасар қызды өлтірген өгей шешеге үкім шықты
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбекке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Наурыз, 2024
Үкімет Президенттің инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыруға кірісті
Премьер-министр Олжас Бектенов 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 12 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы: Қалдықтарды қайта өңдеп, өнім шығаратындар аз
Қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз екенін, қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мәселесі толық шешімін таппағанын, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері уақтылы шешілмейтіндігін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жоспарымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысында мұнай өңдеуді ұлғайту және мұнай-химия секторы кәсіпорындарын толық қуатына шығару жөніндегі шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жұмыстарын тексерді
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президенттің Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Наурыз, 2024
Ақтауда спортшы қызды зорлықпен өлтірген қылмыскер сотталды
Ақтауда 21 жастағы Валерия Шальнованы зорлықпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2024
Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
Үкімет отырысында Алматы қаласындағы жер сілкінісіне қатысты жағдай қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Наурыз, 2024
«Күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеген»: түркістандық келіншекке қатысты үкім шығарылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында күйеуін аса қатігездікпен өлтірген 34 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 15 жылға сотталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Заң • 02 Наурыз, 2024
Көкшетауда аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін «К» есімді қала тұрғыны 4 жылға сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 29 Ақпан, 2024
Үкімет отандық өндірісті дамыту тетіктерін әзірлеп жатыр - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2023 жылға арналған Инвестициялық саясат талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкеріне үкім жарияланды
Ақтөбе қаласының №2 соты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Бейбіт Салымұлы Есенбаев берген өтінішіне сәйкес денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 27 Ақпан, 2024
Ауылдарда медицина объектілерінің құрылысы кешіктіріліп жатыр. Мәселе Үкіметте қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
8 жыл жалғасқан қылмыс. Мектеп бухгалтері сотталды
Ақтөбе қаласында бірнеше жылдан бері жеке есепшотына заңсыз аударым жасап, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген бас бухгалтер сотталды, деп жазады Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Қазақстандағы 217 ауылда су тасқыны қаупі жоғары - Премьер-министр
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елде көктемгі су тасқынына қарсы атқарылуы тиіс 218 тапсырманың 92 -сі әлі күнге орындалмай отырғанын айтты. Сондай-ақ Премьер-министр қазірдің өзінде республикадағы кей ауылдар мен көшелердің су басқанын баса айтты. Жауаптыларды жұмысқа селқос қарамауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2024
Олжас Бектенов «Жайлы мектеп» жобасын сынға алды
Бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиында Премьер-министр «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда белгілі бір шикіліктер барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
Бір жыл бұрын ұсталған браконьерлер сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында бір жыл бұрын ұсталған браконьерлер тобы сотталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Ақпан, 2024
Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді
Бүгін Үкімет құрамындағы жаңа министрлер ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдетуді тапсырды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Такси жүргізушісін пышақтап кеткен екі жасөспірім сотталды
Алматыда алқабилер 2023 жылы такси жүргізушісін өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған екі жасөспірімге үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Ақпан, 2024
Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс - Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған міндеттерді талқылау үшін кеңес өткізді. Жиында Үкімет басшысы МӘМС жүйесін қайта реформалап, әр министр өз саласында шешім қабылдай білуі тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Ақпан, 2024
Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Премьер-министрдің қаулысымен Асқар Серікжанұлы Жәкенов Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі (толық мәтін)
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев, Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 07 Ақпан, 2024
Жаңа Премьер-министр Президентке қандай уәде берді?
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Үкіметтің жаңа құрамы мен қала, облыс әкімдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Президент 5 жылдан бері жөндеу жұмысы аяқталмаған жолдарды атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет екенін айтты. Ол осы бағытта Үкіметке Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
«Жағдай мүшкіл»: Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі жоғары
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасап, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.