ас
Оқиға • 10 Маусым, 2025
Жетісуда құм-қиыршықтас қоспасы заңсыз өндірілген
Жетісу облысының Алакөл ауданында мемлекеттік меншікке тиесілі жер учаскесін бір заңды тұлға өз бетінше пайдаланып, құқық белгілейтін құжаттарсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндірумен айналысқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖОЛДАУ • 10 Маусым, 2025
Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады
Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2025
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ
Пауэрлифтингтің классикалық және арнайы киім киіп көтеру деген екі түрі бар. Бұл спорт түрі олимпиадалық ойындардың тізіміне әлі енгізілмегенімен, Халықаралық Олимпиада Комитеті ұйымдастыратын Дүниежүзілік ойындарда ұсынылған. Аталған спорт түрі бойынша жыл сайын әлем чемпионаттары өтіп тұрады, оны Халықаралық пауэрлифтинг федерациясы ұйымдастырады. Пауэрлифтингтен ересектер арасындағы Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында алғашқы Әлем чемпионы Алексей Сивоконь екені белгілі. Ал Әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ Абдулкарим Қараман туралы біреу білсе, біреу білмейді.
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
Елімізде Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Қару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, нәтижесінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 09 Маусым, 2025
Даудың басы – Дональд Трамптың доллары
Илон Маск пен Дональд Трамп арасындағы дүрдараздық – ғаламтор бетіндегі ғайбат қана емес, саясат сахнасындағы айбат. Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі. Сарапшылар қос алыптың қақтығысы ел экономикасы мен ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп туғызып тұрғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 09 Маусым, 2025
Асханасы жоқ мектептің оқушылары қалай тамақтанады
Жаңа оқу жылынан бастап асхана жабдықталмаған мектептерде оқушыларға арнайы түскі ас пакеттері беріледі. Бұл туралы Қазақстанның Білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Астанадағы тағы бір көше уақытша жабылады
Елордадағы «Сарыарқа» сауда орталығының артындағы 68-көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Астанаға LRT-ның алғашқы екі құрамы жеткізілді
Елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі шеңберінде алғашқы жылжымалы құрамдар жеткізілді. Төрт вагоннан тұратын пойыздар арнайы жабдықталған автотралдар арқылы Қазақстанға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Маусым, 2025
Шекарадан жалған ақша өткізген күдікті Грузияда қолға түсті
Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, ҚР Грузиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы жалған банкноттарды өткізіп, сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында ел азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 09 Маусым, 2025
Ақтөбеде әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 22–28 маусым аралығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Маусым, 2025
ШҚО-да орманда жоғалған зейнеткер табылды
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі орманда адасып кеткен қарт әйелді бір тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Елордада София атты көше ашылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президенті Румен Радевпен кездесу барысында мәдени-гуманитарлық, білім беру және өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелері кеңінен талқыланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі
Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына тұрғын үй беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Волейболшы қыздардың жеңіс жолы жалғасты
Вьетнамның Ханой қаласында волейболдан әйелдер құрамалары арасында AVC Ұлттар кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялады. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Абай облысында қаржы пирамидасы әшкереленді
Қаржы мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» деп аталатын қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр
1970 жылы пайдалануға берілген Астана су қоймасының түбін шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Маусым, 2025
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке ауысқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Маусым, 2025
Бөгеттер мықты болып қала мен ауыл-селоларға су кірмеді демесеңіз Солтүстік Қазақстан облысында Есілдің биылғы тасқыны да қатты болды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Маусым, 2025
Балқашта экс-полицей әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді
Қарағанды облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тергеліп жатыр. Жәбірленуші тараптың айтуынша, бұл іске бұрынғы полиция қызметкері қатысы бар. Күдікті әзірге бостандықта жүр, алайда іс бақылауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Маусым, 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындарының мәселесі талқыланды
Сауд Арабиясының астанасы - Эр-Риядта 2025 жылдың күз айларында алауы тұтанатын VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының делегация басшыларына арналған семинар (Chief de Mission Seminar) ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды
ҚР ҚМ аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұлыбританияда ресми сапармен болды. Екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарының құжатына Лондон қаласында қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Маусым, 2025
Бас мүфти бірнеше мұқтаж отбасыға сый-сияпаттар тарту етті
Еске салайық, бүгін айтулы мерекеге орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналды. Астанадағы республикалық Бас мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб мүфти Ермек Мұқатай, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінде Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейітбеков жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Маусым, 2025
«Елорда жастары» – баспаналы болудың тиімді жобасы
Қала әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше осыдан 5 жыл бұрын басталған «Елорда жастары» бағдарламасы бүгінде жемісін беріп отыр. Жобаға қатысушылардың бірі Әнуар Набиев мемлекет бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 06 Маусым, 2025
Құтқарушылар 365 күн бойы қызмет етеді
Тәуліктің кез келген уақытына және ауа райының қолайсыздығына қарамастан олар адам өмірін құтқарады. Құтқарушының жұмысы – батылдықты, адалдықты және тәуекелге дайын болуды талап етеді. ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері демалыссыз және мереке күндерінсіз еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz ТЖМ-нің шолу мағлұматына сілтеме жасап.
Спорт • 06 Маусым, 2025
Гимнастар қола жүлде жеңіп алды
Оңтүстік Кореяда спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 5 маусымда басталды. Қазақстанның ерлер құрамасы командалық көпсайыста қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай бірлескен тасымал жүйесін құрады
4 маусымда Алматыда «Қытай (Шаньдун) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті. Екі елдің билік, бизнес және инвестициялық құрылым өкілдері қатысқан іс-шара барысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қытай делегациясының басшысы – Шаньдун провинциясы губернаторының орынбасары Сун Цзюньцзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Маусым, 2025
Павлодар облысында 700-ден астам нысан ерекше жандар үшін бейімделді
Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Павлодар облысында 743 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.