Аймақтар • 28 Шілде, 2025

Ұлытау ауданында демалыс аймағы ашылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданындағы Тасбұлақ алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталып, демалыс аумағы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау ауданында демалыс аймағы ашылды

Kazakhmys компаниясы осы аудандағы Күмісбұлақ және Тасбұлақтың басын абаттандыруға меморандумға отырып, 50 млн. теңге ақша бөліп, демеушілік жасады. Абаттандыру жұмысын жергілікті мердігер мекеме атқарды.   

Енді бұл жер – келушілер үшін жайлы тынығу орны. Аумағы толығымен абаттандырылып, тротуарлар төселіп, жарық шамдары орнатылды. Шағын сәулеттік нысандар, автотұрақ, қолмен жұмыс істейтін су сорғысы, қоқыс алаңы мен демалыс аймағы пайдалануға берілді.

Ұлытауға келген әр қонақ ұлттық рухты сезініп, табиғат аясында тынығып қайтатын тағы бір көрікті орынға ие болды.

Ұлытау облысы      

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20