ас
Парламент • 06 Маусым, 2025
Мәжіліс төрағасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Ерлан Қошановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 06 Маусым, 2025
Мәулен Әшімбаев: Құндылықтар дін мен дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Құрбан айт мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде құттықтауы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Маусым, 2025
Бас мүфти құрбан айт намазын жүргізіп, уағыз айтты
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық Бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты, деп хабаралайды Egemen.kz ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы • 05 Маусым, 2025
Логистика саласында алаяқтық фактілері артқан
Жүк тасымалы және логистика қызметтерін сылтауратып жасалатын алаяқтық деректері жиілеп кеткенін анықтаған Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше осы жыл басталғалы қалада 11 қылмыс тіркелген. Жәбірленушілердің қатарында кәсіпкерлер, ұйымдар мен жеке тұлғалар бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
Шардара су қоймасына қатысты жүйелі жұмыс жасалды
Шардара су қоймасына сәуірге дейін 12,6 млрд текше метр су түскен. Яғни су бастапқы болжамнан 1,7 млрд текше метрге артық келді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, вегетация кезеңіне Шардара су қоймасына шамамен 3,7 млрд текше метр көлемінде су келетіні көзделген. Сәуір айында қоймаға 1 млрд текше метр, ал мамыр айында 134 млн текше метр су түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Маусым, 2025
Шерзаттың өліміне әкелген пышақ соққысын Абзал Шынасыл жасаған - Сот
Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың ісі бойынша қылмыс жасаған тоғыз адамға қатысты үкім шығарды. Айыпталушыларға адам өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық және ұрлық баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Маусым, 2025
Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен кеңес отырысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, авиациялық қатынас мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 05 Маусым, 2025
Шетелдік ЖОО-лардың филиалдар картасы ұсынылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ел аумағында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Сол орайда талапкерлер мен ата-аналар назарына Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан филиалдар картасы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
Қарағандыда заманауи сүт-тауар фермасы салынады
Қарағанды облысының Осакаров ауданында 6000 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасының құрылысы басталды. Құны 30 млрд теңгеден асатын бұл ауқымды инвестициялық жоба – еліміздегі сүтті мал шаруашылығы саласындағы ең ірілерінің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 05 Маусым, 2025
«Жасыл ел» жасақтары экологиялық челлендж бастады
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, елімізде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен экологиялық челлендж бастау алды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аударып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 05 Маусым, 2025
Жастарды көшеден әскерге алып кету заңды ма
Сенат отырысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов әскерге шақыру барысындағы заңсыздықтар туралы сұрақтарға жауап беріп, журналистерді қоғамға жағымды мысалдарды көбірек көрсетуге шақырды. Оның айтуынша, әскери борышын өтеуге ниетті жастар саны аз емес, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2025
Президент ҰҚК басшылық құрамымен жиын өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Маусым, 2025
Құдыққа құлап кеткен әйел құтқарылды
4 маусым күні Абай қаласындағы №3 шағынауданда 1974 жылы туған әйел тереңдігі 3 метр ашық құдыққа түсіп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 05 Маусым, 2025
Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жобасы талқыланды
Қазақстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Маусым, 2025
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2025
Болгария Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
8-9 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Болгария Президенті Румен Радев елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 04 Маусым, 2025
Журналистер құқықтық сауаттылығын арттырды
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Қазақстанда фастфуд жарнамаларына шектеу қойылады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азық-түлік өнімдеріндегі қоректік заттардың арнайы профилін әзірлеуге кірісті. Бұл бастама жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Науқастар бюрократиямен күресіп жүр - Асхат Аймағамбетов
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Парламенті депутаты Асхат Аймағамбетов еліміздегі дәрі-дәрмекпен қамту жүйесінің өзекті мәселелері мен денсаулық сақтау саласындағы жүйелі дағдарысты ашық мәлімдеді. Ол дәрілердің қымбаттығы, қолжетімсіздігі, ескірген емдеу хаттамалары мен фармацевтикалық бюрократияны қатаң сынға алып, нақты мысалдар келтіре отырып, 7 қадамнан тұратын реформалау ұсынысын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Астанада шетелге жұмысқа дайындайтын орталық ашылды
Елордада шетелде еңбек етуге ниетті азаматтарға арналған жаңа көші-қон алдындағы дайындық орталығы ашылды. Бұл бастама қазақстандықтардың шетелде жұмысқа орналасар алдында жақсырақ дайындалуына, қорғалуына және ақпараттандырылуына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Маусым, 2025
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада Құрбан айт мерекесіне орай 2025 жылғы 7-8 маусым күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Маусым, 2025
Астана мен Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен қамтылды
Астана мен Алматыда жедел медициналық жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 04 Маусым, 2025
Түркістандық түлек Еуропаға шақырту алды
Аталған облыстың Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы бірнеше халықаралық білім грантына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 04 Маусым, 2025
«Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды
Ұлытау облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2025 жылғы еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастарды еңбекке баулу және экологиялық мәдениетті дамыту, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2025
10 мыңнан астам бала бір мезетте әнұранды шырқады
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Маусым, 2025
Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы әкелінді
3 маусымда – «Жабайы жылқылардың оралуы» жобасы аясындағы екінші халықаралық тасымал іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Астанада тұрғын үйдегі өрттен 100-ге жуық адам эвакуацияланды
Астанада 4 маусымға қараған түні «Жеті бөшке» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Жалпы өрттің аумағы шамамен 250 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Маусым, 2025
Атбасар темір жол станциясының бастығы ірі көлемде пара алған
Атбасар темір жол станциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл ақпаратты ҰҚК растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 04 Маусым, 2025
Шымкентте алтын сатушыға ақша бергендер сан соғып қалды
Елімізде жылдан жылға қаржы пирамидалары саны көбейіп барады. Олар артыңнан адам кіргізсең жылдам табыс табасың деп халықты алдап, сеніміне кіріп бар ақшасын қағып алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.