ЕМ
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы көші-қон туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
БАӘ-Қазақстан үкіметаралық бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер білім алып жатыр
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды. Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024
Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Қайраткер Қаратай Тұрысов атындағы аудитория ашылды
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геологы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім-ғылым-өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. Ізгілікті іс-шара қарсаңында дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысұлының есімі берілді. Ғалымның Қазақстанның инженерлік ғылымының және өндірісінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Өскемен тұрғынынан 1 млн теңге бопсалаған азамат ұсталды
ШҚО полиция департаменті Өскемен қаласының тұрғынын қорқытып, жәбірленушіден 1 млн теңге алмақ болған ер азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Құлсары тұрғындары коммуналдық төлемнен босатылады
Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Мамыр, 2024
«Соңғы үкім». Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм көрерменге жол тартады
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы түсірілген «Соңғы үкім» көркем фильмі үлкен экранға жол тартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 16 Мамыр, 2024
Шымкентте жоқ адамдарға жалақы аударған директор орынбасары мен бухгалтер сотталды
Шымкентте №44 жалпы орта мектептің басшысы мен оның орынбасарына және бухгалтерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 15 Мамыр, 2024
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесіне жете мән берген жөн - депутат
«AMANAT» Фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы олқылықтарды қозғап, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Журналист қызметінің құқықтық құзіреті сараланды
Қолына қалам ұстаған қауым – кәсіби құқықтары мен әдебін білуге міндетті. Айтқанмен, медиа құзіретті терең меңгеруге көбі тиянақтылық танытпайды. Мамандар осы олқылықтың орнын толтыруда оқыту курстарының рөліне айрықша назар аударады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Мопедшілер жүргізуші куәлігін алуға міндеттеледі
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мопедтерге қатысты жаңа ереже бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Oceanman: Елдар Шекербек Испаниядағы чемпионатта алтын олжалады
Қазақстан спортшысы Елдар Шекербек Испаниядағы Балеар аралдары маңында Жерорта теңізінде өткен ашық суда жүзуден OCEANMAN 2024 SPAIN чемпионатының кезекті жарысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 14 Мамыр, 2024
Әлемдік ғылыми-инженерлік байқауға елімізден 3 оқушы аттанды
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында 70-тен астам елдің 2 000 оқушысы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауы 13 мамыр күні ашылды. Оған елімізден 3 жас инженер аттанды. Қазақстан құрама мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсы бойынша іріктелді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Білім • 14 Мамыр, 2024
Мемлекеттік қызметшілер Түркияда тағылымдамадан өтті
Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері тәжірибе алмасу және біліктілігін арттыру мақсатында Түркияда тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Құрбан айт: ел азаматтары маусым айында неше күн демалады?
Қазақстан азаматтары маусым айында неше күн демалатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2024
Тыйым салынған жерде темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды
Тбилиси-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақтың жанынан темекі шегіп отырған шетелдік жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Алматы облысындағы түзеу мекемесінде заң бұзушылықтар анықталды
Прокуратура Алматы облысының түзеу мекемелерінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Классикалық шахмат: Астаналық оқушы әлем чемпионы атанды
Классикалық шахматтан оқушылар арасында Перу астанасы Лимада 2024 жылғы әлем чемпионаты өтіп, оған 26 елден 1 мың 174 жас шахматшы қатысты. Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейдің оқушысы Айару Алтынбек жарыстың аяқталуына бір тур қалғанда, мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан дзюдошылары анықталды
Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында осы айдың 19-24 күндері аралығында дзюдодан өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздар анықталды
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев Абу-Дабидегі әлем чемпионатына қатысатын дзюдошы қыздардың анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Көркем гимнастшылар Португалиядан жүлделі оралды
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен «Шақырту кубогінде» жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 12 Мамыр, 2024
Жәнібек Әлімханұлының рингке шығатын күні белгілі болды
Отандасымыз, кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) ESNews арнасына берген сұхбатында кезекті рет рингке қашан шағатынын айтты, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2024
«Ағыс алып кеткен». Жайық өзенінен 7 адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінде 7 адам құтқарылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Мамыр, 2024
Тасқынмен күрес: Вице-премьер Атырау облысындағы ахуалды бақылады
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Атырау облысы Индер ауданының Индербор, Жасуат, Құрылыс ауылдарында, сондай-ақ Махамбет ауданына қарасты Махамбет, Сарайшық, Талдыкөл ауылдарында жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 11 Мамыр, 2024
Тасқыннан кейін 20 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 11 Мамыр, 2024
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымдық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 11 Мамыр, 2024
Жетісуда тағы бір шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Жетісу облысында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.