«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы
Сенат • 30 Наурыз, 2024
«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері Ассамблея басшылығымен кездесті
Парламентте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге депутаттық топ жетекшісі – Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп төрағалық етті. Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бір ел-бір мүдде» алаңы құрылғанын және ол ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.