«Бәйшешек»
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023
Ауыр дерттен айыққан қазақ қызының кітабы 7 тілге аударылды
Қаламды серік еткен қауым қайсыбір шығармаларының шығу тегі – тағдыры екенін жиі айтып жүреді. Асылында да, шығарманың шығуына – автордың тағдыры мен түйгені түрткі болып жатады. Бүгін біз 10 жасында төтеннен тәніне дерт жабысса да, рухы сынбаған жас жазушымен сыр-сұхбат ұсынбақпыз. 10 жыл бойы нәзік әлемін «алпауыт ауруға» жеңдірмеген Жамилия Бахтиярқызы сын шақтағы жан сырын «Бәйшешек» туындысына арқау етеді. Автор 20 жасында екі кітап жазып шығады. Екіншісі, «Қарлығаш. Махаббат ескерткіші» деп аталады. Оның шығармалары талай жанның қайта аяқтан тұруына сеп болған «мотивация майданының сарбаздары». Жамилия Бахтиярқызының туындылары әлемнің 7 тіліне аударылған.