«Дәрігер Talks»
Медицина • 18 Маусым, 2024
«Дәрігер Talks»: Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам дәрігер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылар «AMANAT» партиясының «Дәрігер Talks» диалог алаңында бас қосты. Олар медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылап, отандық медицинадағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға партиялық және ведомстволық наградалар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.