«Жанашыр» халықаралық қоғамдық қоры
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Тұтынушылық сауаттылықты арттыруды көздейтін жоба жалғасын табады
Алматыдағы Әлеуметтік қызметтер үйінде елдегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. «Жанашыр» халықаралық қоғамдық қоры мен Алматы қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мұрындық болған жиында биыл мамыр айынан бері жүзеге асырылып жатқан жобаның жайы сөз болды.