«Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі
Президент • 13 Ақпан, 2025
Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.