«Заң түгілі сынық сүйем құжат жоқ»
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Рухани мұраға қатысты заң түгілі сынық сүйем құжат та жоқ - депутат
Мәжіліс отырысында «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан вице-премьер Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, елімізде рухани мұраны қолдауға көңіл бөлінбей отырғанын айтты. Депутаттың айтуынша, қазақ халқының материалдық емес рухани мұрасы – ұлттың иммунитеті. Көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін, бірақ жаныңмен сезінетін осы құндылықтар болмаса, ұлттың жаны жалаңаштанады, деп хабарлайды Egemen.kz.