«Келешек» жүйесі
Банк • 23 Мамыр, 2025
«Келешек» жүйесінің алғашқы төлемін қашан алуға болады
235 920 теңге көлеміндегі мемлекеттік білім беру капиталын отандастарымыз осы жылдың 31 тамызына дейін алатын болады. Ол биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 5 жасқа толған немесе толатын балаларға есептеледі. Мемлекеттен осы материалдық қолдауды алу үшін Отбасы банкте «AQYL» білім беру жинақтау салымын ашу қажет. Бүгінгі күннің өзінде 6 624 ата-ана аталған депозиттерді ашып үлгерген екен, деп хабарлайды Egemen.kz Отбасы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Мамыр, 2025
Бір тәулікте 1 000 балаға білім беру шоттары ашылды
5 жастағы Ибраһим Әділбек Отбасы банкінде «Келешек» жүйесінің Қазақстандағы алғашқы қатысушысы атанды. Ол үшін әкесі Бағдат Ерубаев ұлына «AQYL» білім беру депозитін ашқан, деп хабарлайды Egemen.kz.