«Маңғыстау» туристік аймағы
ЖОЛДАУ • 05 Тамыз, 2025
«Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.