«Петропавл»
Үкімет • 28 Наурыз, 2024
Премьер-министр «Петропавл», «Сергеев» су тораптарының жағдайын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.