«ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» форумы
Туризм • 25 Қараша, 2023
Қазақстан делегациясы «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» форумына қатысты
Қытайдың Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы ҚХР-ның Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» атты форум өтіп, оған Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі, Алматы қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің өкілдері, отандық туроператорлар мен Қытайдағы Елшілігінің қызметкерлері қатысты. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшыларының кеңесі 2023 жылды туризм жылы деп жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.