«Шырша» акциясы
Экология • 15 Желтоқсан, 2023
Ішкі істер министрлігі «Шырша» акциясын бастады
Бүгіннен бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Шырша» акциясын бастады. Акция шеңберінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді, оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы өкілдері де қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.