«ҚазАвтоЖол» ҰК
Оқиға • Бүгін, 14:20
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.