«Қазақтуризм» АҚ деректері
Туризм • 25 Желтоқсан, 2023
Экономикасын туризм саласы арқылы көтеріп отырған мемлекеттердің көбі мұхит немесе теңіз жағасында орналасқан жұмсақ климатты аймақтар. Таиланд, Түркия, Араб әмірліктері, Мальдив аралдары құмды жағалауымен, жағымды ауа-райымен туристерді қысы-жазы қабылдайды. Алайда Франция жоғарыда аталғандардың біріне ие болмастан, саяхатшылар ағылып баратын елдер тізімінде көш бастап тұр. Туризм алпауыттарына айналған бұл елдер қомақты қаржы бөліп, осы саланы дамытуда алдына жан салмайды.