«Қасиетті қазақ елі»
Өнер • 14 Тамыз, 2022
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
2022 жылғы 11-12-тамыз күндері Тараз қаласындағы «Баласағұн» атындағы мәдениет сарайында «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль) өтті. Фестивальға шетелдегі 8 елден келген өнерпаз қандастарымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.