«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты кезекті көшпелі отырысы
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Атырауда ғылымды дамытуға бағытталған көшпелі отырыс өтіп жатыр
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты кезекті көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов, академияның басқарма президенті Ақылбек Күрішбаев, академиктер және мұнай-химия саласының өкілдері қатысты. Жиында Атырау облысында ғылымды дамытудың жаңа бағыттары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.