«Kcell Solutions»
Қоғам • 26 Сәуір, 2022
Kcell-дің қаржы директоры 467 млн теңгені құмар ойындарына жұмсаған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті «Kcell Solutions» ЖШС-нің бұрынғы қаржы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған азамат жалған қаржылық құжаттар жасап, өз атына заңсыз аванс беру арқылы «Кселл» АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі Әлібек Әбділовке сілтеме жасап.