«Run for autism»
Парламент • 18 Мамыр, 2024
Мәулен Әшімбаев «Run for autism» қайырымдылық жарысына қатысты
Бүгін Астанада мыңдаған мейірімді жанның басын қосқан жүгіруден «Run for Autism» қайырымдылық жарысы өтті. Спорттық іс-шараны елорда әкімдігінің және демеушілердің қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Марафоннан жиналған қаражат аутизм және басқа да ментальді бұзылу дертіне шалдыққан балаларды қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.