Абай академиясы
Абай • 12 Наурыз, 2025
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай академиясының» 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі беріліп, болашақ бағдары таныстырылды. Сондай-ақ «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлының мұрасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» жобасы негізінде жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті.