Адамға тағайындалды
Қазақстан • 20 Шілде, 2020
42 500 теңге 960 мыңнан астам адамға тағайындалды
20 шілде сағат 14.00-дегі жағдай бойынша осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 133 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем 961,3 мың адамға тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.