Алишер Сатыбалдиев
Парламент • 29 Тамыз, 2024
2022 жылы өткен референдум жаңа жетістіктерге жол ашты - Алишер Сатыбалдиев
2022 жылдың 5 маусымында елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Бұл күні Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстарға бастайтын шешім қабылдау ісіне өз ұстанымдарын білдірді. 2022 жылы референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құраса, 7 986 293 адам өз таңдауын жасады. Сол кезеңде қабылданған маңызды шешім бүгінде халқымыздың сан салада құқығының қорғалуына, еліміздің саяси дамуына ықпал етіп келеді. Республикалық референдум нәтижесінде қол жеткізген жаңа мүмкіндіктерді Парламент Сенатының депутаты Алишер Сатыбалдиев тарқатып айтып берді, деп жазады Egemen.kz.