Алматы әкімдігі мәлімдемесі
Алматы • 30 Қараша, 2023
Хостел мекенжай бойынша заңсыз орналасқан - Алматы әкімдігі
Алматыда хостел аумағында болған өртке қатысты Алматы әкімдігінің ресми телеграм арнасының мәліметі бойынша ғимарат иесі - «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.