Анаргүл Мушканова
Волонтер • 20 Маусым, 2024
Тасқын кезінде бірлік пен қамқорлықтың не екенін түсіндік - ақмолалық ерікті
Биылғы су тасқыны салдарынан елдің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл - көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат. Осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бір жұдырықтай жұмылғаны біршама қайғылы оқиғаның алдын алды. Болары болды, тасыған су жерге сіңді, жан-жаққа ағызылды. Уақыт өте келе бәрі қалпына келетіні белгілі. Алайда халықтың кезекті «дағдарысқа» ұшырауы әп-сәтте естен кете қоймас. Баспанасыз, киім-кешек пен азықсыз, малы мен мүліксіз қалған азаматтарға керегі - жылулық.